Сыбайлас жемқорлық болашақ қоғамға қаупін тигізеді
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананың феномені болып табылады. Қоғамдық сананың әртүрлі нысандары бар, олардың көмегімен адамдар оларды қоршаған табиғатты, қоғам мен өздерін сезінеді. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана» ұғымы қоғамдық сананың барлық нысандарын қамтиды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қоғамдық сананың басқа да нысандарымен тікелей өзара байланыста болады және қоғамдық санаға тән барлық қасиеттер және сипаттамаларды меңгереді.
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңында «жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, оларға теңестірілген адамдардың, лауазымды адамдардың жеке мүдделері мен олардың лауазымдық өкілеттіктері арасындағы қайшылық, мұндай жағдайда осы аталған адамдардың жеке мүдделері олардың өздерінің лауазымдық өкілеттіктерін тиісінше орындамауына әкеп соғуы мүмкін» деп айқындалады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – рухани мәдениет жүйесінің маңызды элементтерінің бірі. Адам еңбек, саяси, этикалық, эстетикалық, адамгершілік және басқа мәдениеттердің жанашыры болып табылады. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңында «сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» ұғымы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту бойынша өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын қызметі деп түсініледі. Қорыта айтқанда, әр азамат бойында сыбайлас жемқорлық деректеріне мүлдем төзбеушілік қағидасын қалыптастырып, жемқорлыққа қарсы мәдениетті дамытуы тиіс.
Мейрамбек Есбаев,
Байқоңыр қалалық сотының
аға сот приставы