» » Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

qarmaqshy-tany.kz Сыбайлас жемқорлық – (лат. corruptio - сындыру, құрту, бүлдіру) қоғам игілігі мен мемлекеттік мүдделерге нұқсан келтіретін, жеке мақсаттарға жетуге олжа, артықшылық алу үшін мемлекеттік билікті, лауазымды, мәртебені асыра пайдалануда көрінетін этикалық және құқықтық бұзушылықтардың жиынтығы бар әлеуметтік құбылыс. Сыбайлас жемқорлық заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып табылады. Бұл кесел біздің жас мемлекетімізге де орасан зор нұқсан келтіріп отыр. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың маңызды құралы және осы Заңда белгіленген және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған шектеулер.
ҚР "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы". Заңның 12-бабына сәйкес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мемлекеттік қызметшілердің, сондай-ақ мемлекеттік қызметке түсуге кандидат болып табылатын адамдардың, өз өкілеттіктерін жеке мүддесінде пайдалануға әкеп соғуы мүмкін іс-әрекеттерді жасауға жол бермеу мақсатында қолданылады. Аталған тұлғалар сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерге сәйкес мемлекеттік функцияларды орындаумен сыйыспайтын қызметті жүзеге асырмауға тиіс, жақын туыстарымен жұмыс істеуге және қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты сыйлықтар қабылдауға рұқсат берілмейді, сондай-ақ жеке пайда табу мақсатында ресми таратуға жатпайтын қызметтік ақпаратты пайдалануға құқығы жоқ.
Мемлекеттік қызметшілердің немесе мемлекеттік қызметке кандидат болып табылатын тұлғалардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдамауы лауазымға қабылдаудан бас тартуға не лауазымнан босатуға әкеп соғады, оларды сақтамау, қылмыстық жазаланатын іс-әрекет және әкімшілік құқық бұзушылық белгілері болмаған жағдайда, олардың мемлекеттік қызметті немесе өзге де тиісті қызметті тоқтатуы үшін негіз болып табылады".
Қармақшы ауданы тұрғындарын мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтамауы фактілерімен кездескен жағдайда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424Call
05 қаңтар 2023 ж. 471 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№82 (10347)

15 қазан 2024 ж.

№81 (10346)

12 қазан 2024 ж.

№80 (10345)

08 қазан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 2 371

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031