Әкем үйреткен
Әке – асқар тау... Т.Ізтілеуов атындағы No29 орта мектебімізде жыл бойы «Кітап оқы, ойға тоқы, Жас ұлан!» тақырыбында жылдық акция өтті. Мен мектеп кітапханасында аға тәлімгер Бибігүл Айтбақова апаймен «Менің атым – Қожа» кітабын оқыдым. Бердібек Соқпақбаев атамыз 1924 жылы дүниеге келген. Қожаның шын есімі Қожаберген екен. Қожаның кинофильмі 1963 жылы түсірілген. Бердібек Соқпақбаев – балалар жазушысы екенін білдім. Алматы облысы Нарынқол ауданы Қостөбе ауылында дүниеге келген.
Әке – әркімнің сүйенер тіреуі емес пе? Әкемді жақсы көремін. Балалар әкелерін ардақтай білуі керек, өйткені ол отбасын, балаларын асыраушысы. «Отбасыммен кітап оқыдым» тақырыбында әкем Нұрлан Қожақов Сәкен Сейфуллиннің аса көрнекті жазушы, драматург, мемлекет және қоғам қайраткері екенін, 1894 жылы туғандығы жайлы айтып берді. С.Сейфуллин 1938 жылы қаза болған. «Өткен күндер», «Домбыра», «Экспресс», «Советстан», «Көкшетау», «Айша», «Жер қазғандар», «Тұрмыс толқынында» атты поэзиялық және прозалық жинақтардың, «Тар жол тайғақ кешу» мемуарлық кітабының, «Бақыт жолында» «Қызыл сұңқарлар» пьесаларының авторы екенін айтып түсіндірді. Сәкен Сейфуллиннің 130 жылды- ғына «Аққудың айырылуы» кітабынан «Көкшетау» поэмасынан тағы өлең жаттадым. «Жеке батыр» өлеңін жаттап видеоға түсірдім. Сынып бойынша слайд шеруіне қатыстым.
Әкемнің үйреткені көп, атап айтсам, ат баптауды, отын жару, бақша егу, малдың таңбасын, түр-түсін жаттауды да үйретті. Әкеммен кітап оқыған қызықты, әрі түсінікті болды. Меніңше көп әке болашақта баласының жақсы болуын қалайды. Әке жақсы болса, баласы да көлеңке секілді ұқсайды. Бала әрқашан әкені ардақтауы керек. Мен әкемнің бойынан керемет қасиеттері мен жігерді байқадым. Алайда барлық бала әкені құрметтеуі, қастерлеуі, аялауы, оны өзінен жоғары ұстауы керек. Әкеммен кітап оқыған қызықты, барша балаларды әкеге жақын болуға шақырамын! Ал әкелерді де балаларына көңіл бөлуге уақыттарын тиімді пайдаланса керемет, тамаша болар еді!
Жанболат НҰРЛАНҰЛЫ,
Т.Ізтілеуов атындағы No29 орта мектеп оқушысы