НАШАҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ
No29 орта мектебінде «Нашақорлыққа жол жоқ» тақырыбында жыл бойы акция жоспарына орай түрлі іс-шара өтті. Бастауыш сыныптарда сурет салу, эссе жазу, бейнеролик шеруі ұйымдастырылды. Осы іс-шаралардан түйгенім барша бала, аға, әпке, қазақ елінің жастары бұл ауыр дерттен аулақ болса екен.
Нашақорлық деген сөзді құлақпен естудің өзі ауыр. Атам Бауыржан ата-ананың мұрасы балаға берген тәрбиесі деп айтып отырады. Бұл сөздің астарын анықтап сұрап, ой бөлістім. Сөздің төркінінен тәрбие, тәртіп болған жерде ешқашан жаманшылыққа жол жоқ екенін түсіндім.
Достарымды бұл жегі құрт секілді тез жайылатын індетке жоламауға шақырамын. Біз мектепте осы тақырыпқа қатысты сурет қабырға газет, көрініс, бейнеорлик, эссе жазу, тәрбие сағаттарын өттік. Менің түсінгенім, нашақорлық – есірткі заттарына паталогиялық құмарлық екен. Ата-аналар әуелгі кезде байқамай қалады. Содан соң түрлі қиындық, ұрлық, өтірік айту, қорлық-зорлық түрлері болады екен. Отан отбасынан бастау алады. Алайда отбасында әке мен баланың қарым-қатынасы жақсы болса, балалар да аман-сау болатыны анық.
«Есірткіге ешқашан жол жоқ!» тақырыбында 9-сынып оқушысы Даниял Маратұлы, Мұхамеджан Серікбайдың ұсынақты пікірлерін тыңдадым. Нашақорлық – бүкіл қоғамның қасіреті, болашағымызға қауіп төндіріп тұрған тажал екенін түсіндім. Қандай қиын, жастардың барса келмеске кететіні орны толмайтын қайғы емес пе достар?
Мен теледидардан кәмелетке толмаған балаларды көргенде, олардан қатты өкініш сезімдерін байқадым. Олардың өмірін көргенде де, ұзақ уақыт ойланып, осы мақала арқылы ойымды ашық жазуды жөн көрдім.
Мектепте бұл тақырыпта да сурет салудың өзі қиын, жағымсыз жағы қорқыныштың тұрғаны айқын. Алайда білмей құрыққа түсетін жастар қаншама? Бұл дерттен қайтсек аулақ боламыз? Бала сауатты болса, ақылды, тәрбиелі болса ешқашан бұл жамандыққа жоламайтыны белгілі.
Барша қазақ елінің балаларына біздің болашақ жарқын, кітап оқысақ, адал еңбек етсек, ата-анамызды құрметтесек, спорт түрлерімен айналысып, өз елімізге қызмет жасасақ барша бала бақытты болады дегім келеді. Менің болашаққа деген арманым көп. Еңбекшіл, сауатты, ақ пен қараны айыра алатын ақылды жастар мен достарым көп болса деймін.
Нашақорлық секілді қоғам дертімен барша қоғам бірге біріге жұмыла күрессе, әлемде ең қымбат нәрсе барша жастар аман жүрер еді. Бақытты балалық өмірді ұрлатпайықшы?
Сенің өмірің – өз қолыңда. Отбасында әке мектебі қалыптасса, ата-аналар мейіріммен балаларға қараса, ешқашан жаманшылық болмайтынына сенемін. Жастық жігер-қайратымызды адамдық іске жұмсауға шақырамын? Болашақта жасампаз елдің кірпіші болып қаланып, ауылды көркейткім келеді.
Нашақорлыққа қарсы күрес жүргізу, оның алдын алу – біздің қолымызда, себебі біздер жаңа дәуірде елімізді сақтайтын жігерлі, мықты, денсаулығы зор ұрпақ жалғастыратын қазақ елінің салауатты ұрпағымыз. Кішкентай ғана аз ғұмырымызда тұңғиық түбіне батпай, ата-бабаларымыз бізге аманат еткен тәуелсіз еліміздің көк туын төмен түсірмей, біріге көкке көтерейік. Жастар адаспауға ізденсе – ол білім. Білімді болайық, бабалардың аманатын, қасиетті тектілік деген бойтұмарымызды жоғалтпайық.
Әміржан БАУЫРЖАН,
No29 мектептің оқушысы,
Тұрмағамбет ауылы