» » Азаматтардың өтініштері қараусыз қалмайды

Азаматтардың өтініштері қараусыз қалмайды

Фото: ашық дереккөзден
Мемлекеттік қызметтерді көрсету – мемлекет пен қоғамның өзара іс-қимылының құрамдас бөлігі. Халық үніне құлақ асу, азаматтардың өтініштерін уақытылы қарау – біздің басты міндетіміздің бірі. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңына сәйкес кезкелген азамат мемлекет тарапынан көрсетілетін қызмет берушінің шешімдеріне, әрекеттеріне немесе әрекетсіздігіне белгіленген тәртіппен шағымдануға құқылы. Бұл ретте департамент әрбір азаматтың талап-тілегіне заңдық мүддесіне сай қызмет етеді.
Мемлекеттік қызметтерді көрсететін органдар үшін қызмет сапасын арттыру, жеке және заңды тұлғалардың құқықтарының сақталуы басты қағида болуы тиіс. Дегенмен, кейбір мекемелер тарапынан саладағы заңнаманың бұзылуына жол беретіні жасырын емес.
Департаментке биылғы жылдың қаңтар айынан бастап бүгінгі күнге дейін келіп түскен 75 шағымның 42-і, яғни 56%-ы жер қатынастары саласына тиесілі екені анықталды. Жер қатынастары саласы жиі шағымданатын салалар арасында көшбасшылар қатарында тұр.
Аталған салабойынша келіп түскен 42 шағымның 
30-ы өз құзіреті шегінде қаралып, 4-уі басқа мемлекеттік органдарға жолданды. Ал, қалған 8 шағым азаматтардың өз өтініштері бойынша қараусыз қалдырылды.
Шағымдардың басым бөлігі – мемлекеттік қызмет көрсетуден негізсіз бас тартулар мен мемлекеттікқызмет көрсету тәртібінің сақталмауына қатысты.
Осы ретте, Департаментпен жыл басынан бері жалпы 15 қызмет алушының құқығы қалпына келтірілсе, оның ішіндежер қатынастары саласындаорын алған бұзушылықтар бойынша 10қызмет алушының құқығы қалпына келтірілді.
Сонымен қатар,Департаментпен жыл басынан бері мемлекеттік қызмет көрсету барысында рұқсат беру тәртібін бұзғаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 465-бабы бойынша жалпы27әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, мемлекет кірісіне 1 218 360теңге өндірілді.
Оның ішінде жер қатынастары саласы бойынша рұқсат беру тәртібін бұзғаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 465-бабына сәйкес 16 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды.
Хаттамаларды толтыру барысында лауазымды адамдардың кiнәсi заңнамада көзделген тәртiппен дәлелденгендігіне толық көз жеткізіліп, қысқартылған түрде айыппұл салынып, мемлекет кірісіне 812240 теңге өндірілді.
Сонымен қатар, облыс көлеміндебиылғы жылдың қаңтар айынан бүгінгі күнге дейін жер қатынастары саласы бойынша ЖАО-да анықталған бұзушылықтар саны 1373-ті құрайды.
Оның ішінде:
Жұмыс кестесін сақтамау – 873;
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін (бизнес-процесін) бұзу фактілері – 292;
Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімінің бұзылу фактілері – 86;
Артық құжаттарды талап ету фактілері – 77.
Бұзушылықтарға жол бергендері үшін Департаменттің ұсынысымен тәртіптік жауапкершілікке мемлекеттік органдар мен ұйымдардың 47 қызметкері тартылды.
Департамент әрдайым тұрғындарға мемлекеттік қызметті заң шеңберінде алуына жәрдем береді.
Егер мемлекеттік қызмет көрсету кезінде Заңнама талаптарының сақталмағанына куә болсаңыз, яғни мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі бұзылса, мемлекеттік қызмет көрсетуден негізсіз бас тартылса, артық құжаттар талап ету фактісі орын алса немесе мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі бұзылса, Сіз құқығыңызды Департаментке шағымдану арқылы  қорғай аласыз.
Е.Ж.Мендалиев,
 Департамент басшысы,
 Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы
13 желтоқсан 2024 ж. 191 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (10362)

07 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 901

Сұхбат

Мәдениет

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.
БАБАДАН ҚАЛҒАН ҰЛЫ ӨНЕР

БАБАДАН ҚАЛҒАН ҰЛЫ ӨНЕР

08 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 935

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031