» » БЕРЕКЕЛІ ЖӘРМЕҢКЕ

БЕРЕКЕЛІ ЖӘРМЕҢКЕ

Сенбіде Қызылорда қаласының Журба көшесінде Қармақшы ауданының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті.
Таңсәріден басталған қызу саудада ұзын-сонар кезек қалыптасты. Қала тұрғындарының ауыл өнімдеріне деген сағынышы көрініп-ақ тұр. Мұнда саудаға түскен әрбір өнім базар бағасынан 10-15% төмен сатылды. Ауылдардан артынып келген тауар өндірушілер тұтынушыларға қолайлы баға ұсынды. Жәрмеңкеде табиғи таза күріш, ет, сүт, балық, көкөніс, мал азығы және басқа да ауыл шаруашылығы өнімдері қойылды. Қалтаны қақпайтын, шығынды ақтайтын сауданың қызғаны соншалық, өнімдердің дені сатылып, қала тұрғындары қажеттісін алды.
– Қазір сырттан келетін өнім көп. Олардың құрамында не бар екенін білмейміз. Жылыжайда өсірілген соң міндетті түрде тыңайтқыштар қосылады. Сондықтан ауылдан келетін таза өнімге жүгінеміз. Қалада ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтіп жатыр деген хабарды естісем болды, ала дорбамды асынып осында келемін. Бағасы да арзандау. Бәрінен бұрын осындай өнімді бізге ұсынған дала еңбеккерлеріне алғысым шексіз, – дейді қала тұрғыны Мәдина Тоғжанқызы.
Ерсін СӘДУҰЛЫ
10 желтоқсан 2024 ж. 294 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (10464)

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 100
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 752

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031