» » Сақина сән ғана емес...

Сақина сән ғана емес...

Бүгінде жасы да, жасамысы да тойтомалақ, түрлі жиынға алтынмен апталып, күміспен күптелген сақинасырғасын, алқа-білезігін тағынады. Мақсаты – әдемілік, сән әрі мақтан үшін. Ал өткенге көз салсақ, оның әрбірінің өзіндік мән-мағынасы, қолданылар мақсаты болған. Әшекей бұйым ретінде ықылым заманнан бері келе жатқан бұйымның бірі – сақина. Оны өзіміз де сәндік үшін таққанымызбен, сырына үңіліп көрмеппіз.
Дана халқымыз «Сақинаны сәнге салмайды, ол – тазалыққа таразы», «Сақина сәнге жатпас, айқай әнге жатпас» деп бұл бұйымның астарында мән барын айтып кеткен. Ертеде халқымыз ас адал болу үшін, тамақ даярлайтын әйел қолында міндетті түрде сақина не жүзік болуы керек деп есептеген. Өйткені сақина соғылатын күміс, алтынның таттануға ұшырамайды, судың, тамақтың тез бұзылмауына септігін тигізіп, денсаулыққа пайдалы әсер етеді. Мұны атабабамыз ертедеақ білген. Тіпті күні бүгінде ауылдық жерлерде жас келіншектер нәрестесін шомылдырар алдында, яки баланың жөргек жаялығын жуар сәтте, оған сол үйдің үлкендері «Қолыңа сақина салып ал, тазалыққа тән болады» деп ескертетінін де құлағым шалып қалғанды.
Осы ретте «итаяғына салу» деген дәстүр туралы айта кетсек. Жас келіншек бір ауылға қыдырып барғанда не «есік көруге» шақырылғанда, әйелдер мен әжелер оған «итаяғыңа сал» деп сақина, күміс жүзік сияқты заттарды сыйға берген. «Итаяғына салу» салты келіншек босанып, үбірлішүбірлі болсын деген ниеттен туындаған. Себебі баланың «шілде суына» әлгіндей күміс жүзік, сақина, түйме секілді заттарды ыдысқа салады. Содан соң жүзікке толы суға нәрестені жуындырған. Шомылдырып болғаннан кейін, әлгі заттарды сол жердегі әйелдер ырым қылып бөлісіп алған. Мұндағы мақсат сыйлық жасаудан бұрын, асыл бұйымды қасиетті санаудан, тазалыққа мән беруден шыққан.
Ал қазір сақина дегенде әрдайым алдымен неке сақинасы ойға оралады. Көбінесе неке сақинасы жұпжұмыр, кедірбұдырсыз әрі көзсіз болып келеді. Ол – жас жұбайлар кедергісіз өмір сүрсін, бақыттары сол сақинаның дөңгелегіндей шексіз, таусылмайтын болсын деген ырымнан туса керек. Ал тарихына зер салсақ, неке сақинасын алмастыру дәстүрін мысырлықтар ойлап тапқан. Сақинаның дөңгелек формасы мәңгілік жұптар арасындағы шексіз бақыт пен махаббатты білдіреді. Неке сақинасын әр елде әр қолға тағады. XVIXVII ғасырлардан бастап Еуропаның көптеген елінде сол қолдың шылдыр шүмегіне тағу үрдісі бар. Олардың мәдениетінде «махаббат тамыры» деген сана қалыптасқан. Яғни сол саусақта жүрекке тікелей қатысты бір тамыр болады екен. Ойланып қарасақ, емханаға қан көрсеткішін тапсырғанда да аталған саусақтан қан алатыны бар. Бұл сәйкестік емес болар, бәлкім. Ал Азия елдерінде неке сақинасын оң қолға тағады. Ислам дінінде оң қолды артық бағалайды. Алайда дінде неке сақинасын тағуды аса міндетті деп есептемейді. Бұл кейінгі кезде пайда болған дәстүр ғана. Бір қызығы, қолданыстағы неке сақиналарының бейнесі, пішіні уақыт ағымына қарай өзгеріп отырады екен. Бірнеше жыл бұрын жіңішке неке сақина сәнде болса, ал бүгіндері жалпақ, қалың неке сақинасы көп сұраныс тудырады. Сақинаның қалың болуы некеде екендігін анығырақ айшықтаудың, иесінің отбасылы екендігін дәлелдей түсуінің жаңа тәсілі секілді.
Он сегіз мың ғаламдағы біз білетін ең үлкен сақина – Сатурн планетасының сақинасы. Ол ұсақ метеорит, астероид тастардан құралған. Сақина планетаның бірқалыпты айналып тұруына себепші. Ол болмаған жағдайда Сатурн планетасының болуы неғайбыл дейді ғалымдар. Бұл сақинаның ғажайып қасиеті тек жер әлемінде ғана емес, ғарышта да алар орны мол екенін айғақтайды.
Сондай-ақ жүзік тек қазақтар үшін сырлы дүние емес. Өзге ұлттардың да сақинаға байланысты өзіндік таным түсінігі бар. Мәселен, еуропалықтар жас босанған ананың саусағында міндетті түрде неке сақинасы болуы керек деп есептеген. Олардың түсінігінше, сақина қиналмай босануға көмектеседі. Ал скандинавиялықтар қаралы отбасы мүшелеріне 40 күнге дейін күндізтүні бірдебір сақинаның алынбауын қадағалайды. Олай болмаған жағдайда марқұм көңілден кетіп, ұмыт болады, ал ұмыт болса, марқұмның рухы, аруағы қайта оралып, сақина тақпағанды қинайды, тұншықтырады деген сенім болған. Гректердің түсінігінде өлген адам жерленгенде, оның өне бойында сақина, сырға, алқа қалып қоятын болса, олардың сағасында, ығында жын шайтан, диюперілер о дүниеде марқұмды азаптайдымыс.
Медицинада да сақинаның орны бөлек. Белгілі ғалым рефлексотерапевт М.Анисимовтың тұжырымы бойынша қалың, ауыр немесе тар сақиналарды саусаққа тағуға болмайды. Өйткені сақина әр саусақтағы бүйрек, бауыр, өт, жүрекке тікелей байланысты жүйке нүктелерін дөп басып, бүкіл қантамыр жүйесіне оң әсер ете алады. Мысалы, сұқ саусақтың нүктелері жүйке ауруын жазған. Ескере кеткен жөн, сақинаны ұдайы ең кіші саусаққа киіп жүру адамға артесклероз, гипертония кеселдерін қондырады екен. Бүгінде мамандар сақинаның бәрін түнде шешіп жатуды, тіпті жылына 1 ай сақина тақпай жүруді ақылкеңес ретінде ұсынады.
Қазақ салтында сақинаға қатысты мәні бөлек тағы бір салт бар. Ол қыз шешесінің құдағиына сыйлайтын, қос дөңгелекті, үсті тұтас қомақты, асыл тастардан көз қондырылып, алтынмен қапталған қымбат бұйым – құдағи жүзік. Оны зергерге арнайы тапсырыспен жасатады. Екі жастың қатар тұрғаны секілді қос балдақ, сақина тәрізді қартайғанша бірге өмір сүруін тілейтіндігінің белгісі ретінде сыйға тартады. Бұл бұрын бұлжытпай орындалатын салттың бірі болған. Кей жерлерде ұзатылған қыздың енесіне бір жылдан соң тарту етілген. Оның себебі құдағи жүзік жаңа түскен келінге шын мәнінде аналық қамқорлық жасаған енеге сыйға берілуі тиіс деп есептелген. Құдағи жүзікті оң қолдың ортаңғы саусағына кигізгенде, оның төрт саусақ сыртын түгелдей жауып тұратын болған.
Қорыта келгенде, сақина – естелік, сыйлық, пайдалы әшекей, тіпті мұралық белгі. Сақина тағудың сыры да, әйелдер үшін сауабы да мол. Тек өзіне қажетті сақинаны таңдай білсе болғаны.
Ардақ СӘКЕНҚЫЗЫ
06 желтоқсан 2024 ж. 147 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (10362)

07 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 901

Сұхбат

Мәдениет

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.
БАБАДАН ҚАЛҒАН ҰЛЫ ӨНЕР

БАБАДАН ҚАЛҒАН ҰЛЫ ӨНЕР

08 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 935

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031