» » ӘМСҚ филиалының мамандары еңбек ұжымдарының сұрақтарына жауап берді

ӘМСҚ филиалының мамандары еңбек ұжымдарының сұрақтарына жауап берді

МӘМС жүйесінде өз мәртебеңізді қалай сақтауға болады, медициналық сақтандырудың артықшылықтары қандай? Өңірдегі ірі кәсіпорын қызметкерлерінің осы және өзге де сауалдарына Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Қызылорда облысы бойынша филиал мамандары zoom-бейне конференциясы барысында жауап берді.
Онлайн-конференцияға Қордың орталық аппаратымен ұсынылған мәлімет негізіндегі жұмыс берушінің өз қызметкерлеріне МӘМС жарналарымен аударымдарын уақытылы немесе толық төлемеу салдарынан сақтандырудан тыс қалған қызметкерлер бойынша аймақтағы 6 кәсіпорын объектісіне, атап айтқанда «ҚазСпектрСтрой» ЖШС, «Integra Contruction KZ» ЖШС филиалы, «Аралтұз» АҚ, «Бастау» ЖШС, ҚР Стретегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Үлтық статистика бюросының, ҚР Сот әкімшілігі облыстық департаменттері сияқты мекемелердің ұжым қызметкерлері қатысты.
Халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау бөлімінің басшысы Ғалымжан Салықов атап өткендей, қызметкер МӘМС жүйесінде «сақтандырылған» мәртебесін жоғалтпауы үшін үздіксіз 12 айдын аударымдар мен жарналар тұрақты түрде болуы қажет. Егер де, бір айдын төлемдері толық болмаса, қызметкер өз сақтандыру мәртебесін жоғалтатындығы ескертілді.
Төлемдерді жасау барысында ЖСН дұрыс, төлем жасалған ай мен жылы тиесілі кезеңіне нақты белгіленуі маңызды. Заң талаптары аясында белгіленген аударымдар мен жарналардың өңделу мезімдері үш жұмыс күн ішінде жүргізілетіндігі айтылды.
Сондай-ақ, спикер егер еңбек демалысы 30 күннен асатын немесе ұзақ мерзімді еңбек демалысында болған жағдайда, МӘМС жарналары мен аударымдарының төлену кезеңі әрбір ай үшін есептелен еңбек демалыс күндеріне сәйкес жүргізілуі тиісті екендігін жеткізді. МӘМС жүйесі халықтың денсаулығын қорғауға және олардың медициналық қызметтерге қолжетімділігін арттыруын қамтамасыз етуге бағытталғаны баса айтылды.
06 желтоқсан 2024 ж. 341 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (10464)

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 090
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 749

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031