» » Басты міндет – қызмет алушылардың заңды құқығын қорғау

Басты міндет – қызмет алушылардың заңды құқығын қорғау

Азаматтардың заңды мүдделерін қорғау – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Қызылорда облысы бойынша департаментінің басты міндеттерінің бірі. Бұл ретте департаментке келіп, шағымын жеткізген әрбір азаматтың мәселесі қараусыз қалмайды. 
Азаматтардың заңды мүдделерін қорғау – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Қызылорда облысы бойынша департаментінің басты міндеттерінің бірі. Бұл ретте департаментке келіп, шағымын жеткізген әрбір азаматтың мәселесі қараусыз қалмайды.
Мерзімі бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтерге талдау жүргізу үшін Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «ХҚКО» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі арқылы ай сайын жолданатын мәліметтерді зерделеу жұмыстары нәтижесінде Департаментпен 3 қызмет алушының бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.
Атап айтқанда, биылғы жылдың қыркүйек айында Арал және Қызылорда қалаларынан екі бірдей қызмет алушының «Негізгі орта, жалпы орта білім беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызметі бойынша өтінімдері білім беру ұйымдары тарапынан белгіленген мерзімдерде орындалмай тұрғаны анықталды.
Сондай-ақ, тағы бір қызмет алушы «Мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру» мемлекеттік қызметі бойынша Қазалы ауданының білім бөліміне қыркүйек айында жүгініп, нәтижесі бүгінгі күнге дейін Бөлім тарапынан ұсынылмай тұрғаны анықталды.
Департаментпен аталған бұзушылықтарға қатысты ден қою шараларын қабылдау нәтижесінде қызмет берушілермен аталған өтінімдерге жауаптар ұсынылып, қызмет алушылардың бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.
Қызмет көрсету мерзімдерінің бұзылуына жол бергені үшін тиісті жауапты тұлғалар түрлі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Айта кетейік, жыл басынан бері Департаментпен 15 қызмет алушының құқығы қорғалып, қалпына келтірілді.
Қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру жұмыстары Департаменттің негізгі басым бағыттарының бірі болып қала бермек.Осы бағыттағы жұмыстар өз жалғасын табатын болады.
Егер Сіздің мемлекеттік қызмет алуда құқықтарыңыз бұзылған болса, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментіне шағымдануыңызға болады.
Мекен-жайымыз: Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарыс1.
Байланыс нөмірлері: 8 (7242) 70-56-36, 70-00-40.
 
Е.Ж.Мендалиев,
Департамент басшысы,
Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы
05 желтоқсан 2024 ж. 212 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (10362)

07 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 901

Сұхбат

Мәдениет

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.
БАБАДАН ҚАЛҒАН ҰЛЫ ӨНЕР

БАБАДАН ҚАЛҒАН ҰЛЫ ӨНЕР

08 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 935

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031