» » Мемлекеттік қызмет тәртібін бұзған әкімдік қызметкеріне жаза қолданылды

Мемлекеттік қызмет тәртібін бұзған әкімдік қызметкеріне жаза қолданылды

Kyzylorda-news.kz Азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің негізгі міндеттерінің бірі.
Бұл ретте департамент тұрғындар шағымын қарау арқылы сындарлы диалог орнатып, қызмет алушылардың құқықтарын қорғауға атсалысады.
Биылғы жылдың мамыр айында Департаментке қызмет алушының«Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талапетпейтін мемлекет меншігіндегіжер учаскелеріне құқықтарды алу» (ІІ кезең)мемлекеттік көрсетілетін қызметбойынша өтінішіне Ақай ауылдық округі әкімінің аппаратымен бас тарту фактілеріне қатысты шағымы келіп түскен.
Шағымның негізінде, Әкімдік пен Қармақшы аудандық ауылшаруашылығы мен жер қатынастары бөліміне Департаментпен жоспардан тыс тексеру жүргізілді.
Тексеру нәтижесінде, Әкімдік тарапынан Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы Заңының талаптары бұзылуына байланыстыҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Ақпараттық қауіпсіздік комитетімен Ақай ауылдық округінің әкімі ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тартылды. Бұған қоса мемлекеттік қызметтердің көрсету тәртібі бұзылғандығы үшін Әкімдіктің бас маманына тәртіптік жаза қолданылды.
Сондай-ақ, Бөлім қызмет алушының Қағида талаптарына сәйкес ұсынған құжаттар пакеті толық болғанына қарамастан, материалдарды жер комиссиясының қарауына енгізбей, қызмет алушының құқығын шектеп, 1 (бір) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін бұза отырып, негізсіз бас тартқанын анықтады.
Тексеру нәтижесімен, Департамент тарапынан енгізілгенұсыным негізіндеқызмет алушының құқығы қалпына келтіріліп, өтініші бойынша ұсынған құжаттар жер комиссиясының қарауына ұсынылды.
Атап өту керек, мемлекеттік қызметтерді сапалы әрі өз мерзімінде көрсету нәтижесімен қызмет алушының құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау – мемлекеттік аппараттың тиімділігін бағалаудың негізгі көрсеткіші.
Бұл тұрғыда Департамент әрдайым шағымданушы тараптың заңды мүдделерін қорғауда пәрменді шараларды қабылдайды.
27 маусым 2024 ж. 232 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 322
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031