» » «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» республикалық акциясы

«Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» республикалық акциясы

Аудан көлемінде осы жылдың 25 қараша – 10 желтоқсаны аралығында «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» республикалық акциясы басталады.
Шараның негізгі мақсаты – тұрмыстық зорлық- зомбылықтың алдын алу және оған қарсы тұру, полицияға сенім деңгейін арттыру, ана мен баланы қорғау, отбасының қоғамдағы рөлін нығайту мақсатында өткізіледі.
Акция кезінде тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу, аудандық полиция бөлімінде есепте тұрған тұлғаларды тұрғылықты жері бойынша тексеру, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында құқық бұзушылық жасаған тұлғаларды анықтау және есепке алу жоспарлануда. Алкогольдік ішімдіктерді теріс пайдалану, сондай-ақ олардың күнделікті өмір саласындағы қылмыстар тарапынан алдын алу көзделіп отыр.
Бұл акция іс-шараға мүдделі мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, жұртшылықтың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін тарту арқылы жүзеге асырылады.
Отбасылық тұрмыстық қарым-қатынастар аясында зорлық-зомбылық көрген немесе куә болған азаматтар назарына облыс көлемінде орналасқан «Қамқорлық», «Жан», «Аналар үйі» дағдарыс орталықтары мен қоғамдық қорлардың сенім телефондарын ұсынамыз: «Қамқорлық» дағдарыс орталығы 8 (7242) 30-25-40, 8-777-340-87-34, 8-777-456-11-06; «Жан» дағдарыс орталығы 1-16-16; «Аналар Үйі» қоғамдық қоры 14-22 және де егерде сіз тұрмыстық зорлық-зомбылықтың фактілері туралы хабардар болсаңыз немесе сіз осындай зорлық-зомбылықтың құрбаны болсаңыз 8(72437)2-11-89, «102» арнасына, бөлімнің ЖПҚб ӘЗЗҚт-ның инспекторы, полиция капитаны А.Касимоваға 8-705-208-14-68 қоңырау шалу мүмкіндігіңіз бар.
Қармақшы ауданының полиция бөлімі
Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің
Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобы
24 қараша 2024 ж. 306 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 417
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 221

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930