Облыстың қоғамдық-саяси тұрақтылығы басты назарда
Қазіргі таңда облыстың медиа кеңістігінде 149 бұқаралық ақпарат құралы болса, оның 13-і мемлекеттік, ал қалған 136-сы тәуелсіз жұмыс істейді. Ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында «Ашық диалог» egov.kz порталында Қызылорда облысы әкімінің қатысумен онлайн режимінде түрлі тақырып бойынша интернет-конференциялар ұйымдастырылады. Жыл басынан бері 9 интернет-конференция мен 5 сауалнама өтсе, интернет-конференция бойынша 26 сұрақ келіп түсіп, барлығына онлайн режимде уақытылы жауап берілген.
Жыл басынан бері облыста этносаралық саладағы ахуал және этностық топтар арасындағы өзара қарым-қатынас тұрақты әрі қалыпты деңгейде сақталған. Этникалық белгілеріне сәйкес кикілжіңдер тіркелмеген. Соңғы статистикалық ақпаратқа сәйкес, облыс халқының 96,2 пайызы қазақ болса, 3,8 пайызы түрлі этностық топтан құралған. Мемлекеттік этносаясатты жүзеге асыруда облыстық ҚХА құрамында 11 этномәдени бірлестік, аудандарда 4 этнобағытталған үкіметтік емес ұйымдар және 9 қоғамдық құрылым жұмыс істейді. Сонымен қатар, облыста 14 пен 35 жас аралығындағы 244 865 жас есепке алынып, жалпы халықтың 29,3 пайызын құрады. Есепті мерзімнің қорытындысымен жастардың жұмыссыздық деңгейі 3,4 пайызды құраған. Сондай-ақ, өңір жастарын қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында «Сыр жастары» жеңілдетілген ипотекалық несие беру бағдарламасын жүзеге асырылып жатыр.
Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі