» » Руслан Қаюпов жаңа қызметке тағайындалды

Руслан Қаюпов жаңа қызметке тағайындалды

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен актив отырысында өңірдегі кадрлық өзгерістер таныстырылды.
Осы уақытқа дейін облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы қызметін атқарып келген Есмаханов Алмасбек Әбілқасымұлы «AMANAT» партиясы облыстық филиалының төрағасы лауазымына сайлануына байланысты Президент Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің келісімі және облыс әкімінің өкіміне сәйкес ауысу тәртібімен басқарма басшысы лауазымына Каюпов Руслан Мұхамедәліұлы тағайындалды.
Аймақ басшысы Руслан Қаюповқа қызметінде сәттілік тіледі.
«Руслан Мұхамедәліұлы - туған жердің азаматы ретінде аймақтың қоғамдық-саяси ахуалымен етене таныс. Түрлі жауапты қызметтерде тәжірибесі толысқан, қызмет баспалдағымен сатылап өскен білікті кадр, жауапты маман. Шын мәнінде, өңірдегі қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз етуде қоғамдық даму басқармасының орны ерекше және жауапкершілігі жоғары. Бүгінде ішкі саяси тұрақтылық айрықша маңызға ие. Руслан Мұхамедәліұлы жаңа қызметте өңірдегі қоғамдық-саяси ахуалға жүйелі мониторинг жүргізіп, әлеуметтік шиеленістерді болдырмауға, әлеуметтік-экономикалық талдауды жаңа қарқында дамытуға жұмыс жасайтын болады. Саяси партиялармен және қоғамдық бірлестіктермен, жастар, ардагерлер және кәсіподақ ұйымдарымен өзара іс-қимыл орнатып, қоғам тұрақтылығы мен халық сенімін сақтау жолында жауапты жұмыстарды жоғары деңгейде атқаратынына сенім артамыз», - деді Нұрлыбек Машбекұлы.
Облыстың оң имиджін қалыптастыру, қоғамдық және әлеуметтік жобаларды дамыту, азаматтық институттар жұмысын жаңа деңгейге шығаруда басқарма мен оның жаңа басшысының алдына тың міндеттер қойылады. Олар - аймақта азаматтық қоғамның дамуына жағдай жасау және мемлекетпен өзара сенімгерлік қатынасты дамыту, өңірлік бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты жетілдіру, мемлекеттік жастар саясатын іске асыру, NEET санатындағы жастармен жұмысты жаңа деңгейге көтеру, қоғамдық келісім мен этносаралық татулықты нығайтуда кешенді шаралар қабылдау, мемлекеттiк тiлдi дамытуға бағытталған жүйелі жұмыстар кешенiн жүзеге асыру. Бұл мәселелердің жүйелі жүзеге асуы үшін билік пен халық арасында сенімді диалог, тиімді байланыс орнатылуы қажет.
Руслан Мұхамедәліұлы 1984 жылы Қызылорда облысы Шиелі ауданында дүниеге келген. Жоғары білімді, «Экономика» мамандығы бойынша білім алған. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша «Экономика және бизнес» магистрі. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының түлегі, «Мемлекеттік саясат» білім беру бағдарламасы бойынша «Бизнес және басқару» магистрі.
Еңбек жолын 2010 жылы «Самұрық» қоғамдық қорының үйлестірушісі болып бастаған. 2011-2014 жылдары Шиелі аудандық және Қызылорда қалалық ішкі саясат бөлімдерінің маманы, Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының бас маманы, Қызылорда облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» орталығының бас сарапшысы қызметтерін атқарған. 2014-2018 жылдары Қызылорда қаласы әкімі аппаратының бас инспекторы, қала әкімінің баспасөз хатшысы. 2018-2020 жылдары Қызылорда қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы қызметтерін абыроймен атқарды. 2020 жылдан осы кезге дейін облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары болып қызмет етіп келді.
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
23 шілде 2024 ж. 188 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 287

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 382

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930