» » Сот кабинеті сервисін пайдалану халыққа тиімді

Сот кабинеті сервисін пайдалану халыққа тиімді


«Сот кабинеті» - бұл электрондық ақпараттық сервис, ол сот органдарының онлайн сервисіне қолжетімді біріңғай терезе сот ісін жүргізуді жеңілдету және азаматтар үшін сот жүйесінің қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында іске асырылған. Осы сервистің ерекшелігі азамат, оның адвокат тұлғасындағы өкілі немесе заңгер кез-келген ыңғайлы уақытта, үйінен немесе кеңседен шықпай-ақ интернет желісі арқылы сот құжатын, сондай-ақ істегі мәртебесін көре алады және сот актісін басып шығарып алуға мүмкіншілігі бар.
Дәл осы «кабинет» арқылы сотқа электронды түрде талап-арыз, шағым, өтініш беруге, тіпті мемлекеттік баж салығында онлайн режимде төлеуге, сот құжаттары мен жалпы сот ісіне қатысты барлық құжатты қадағалап отыруға болады.Атап айтқанда, сот кабинетінің негізгі мақсаты – азаматтар мен уәкілетті органдарға Сот кабинеті сервисінің жаңа мүмкіндіктерін, қолдану барысын түсіндіру.Сонымен қатар, сот кабинетін пайдаланушы «Іс құжаттары бойынша құжаттар» бөлімі арқылы пікір, қарсы талап арыз, сот процесінің хаттамасына ескертулер, атқару парағын жолдау туралы өтініш, атқару парағының телнұсқасын беру туралы арыз, сот актілерінің көшірмелерін беру туралы арыз және осы секілді басқа да өтініштерді бере алады. Хат алмасуға тиімді тәсіл.
Сот кабинетінің мобильдік нұсқасы» бүгінгі күні тамаша нәтижесін беріп отыр. Қосымша жеке және заңды тұлғаларға қолжетімді. Пайдаланушыларды мобильдік қосымшада тіркеу сервисінің веб-нұсқасына қарағанда артықшылықтары бар. Пайдаланушыны тіркеу үдерісі үшін «Сот кабинеті» сервистерін қолдануға пайдаланушысы келісіміне алдын ала қол қойып, пайдаланушының ЖСН және ұялы телефон нөмірін көрсетуі жеткілікті.
Пайдаланушы көрсеткен ұялы телефон нөміріне СМС – хабарлама арқылы қосымшада автор үшін құпия сөз келеді. Жаңадан енгізілген аталмыш қызмет түрлері мүдделі тұлғаларға істің қаралу мерзімдерін бақылап отыруға пайдасын тигізіп отыр.
Халыққа тағы да айта кетерлік жайт, ғаламторды еркін меңгере алатын азаматтарға, «Сот кабинеті» сервисін түсінудің еш қиындығы жоқ, бұл сервис әлдеқайда уақытыңызды үнемдеп, тез арада жұмыстарыңызды бітіруге көмегін тигізеді. Ол бұл күні сот жүйесіндегі үлкен жетістіктердің бірі болып саналады.

Қармақшы аудандық соты әкімшісінің
бас маман-сот отырысының хатшысы Т.Әмір
23 қазан 2024 ж. 106 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 016

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031