» » Суға түсу қауіпті

Суға түсу қауіпті


Жазғы демалыс басталысымен ересектер мен балалар көп уақытты су жағасына барып демалып, суға түседі. Өкінішке орай, олардың басым көпшілігі жағажайда өзін ұстау ережелерін, берілетін ұсынымдар мен салынатын тыйымдарды естерінен шығарып жатады.
Сақтық шараларын дер кезінде сақтамаудың салдарынан, су жағасындағы қарапайым демалыс - өміріңіздегі ең қайғылы жағдайға душар етуі мүмкін. Аудандағы су айдындарының көбі шомылуға арналмаған десек қателеспейміз. Бірақ соған қарамастан балалар да, ересектер де барып, суға шомылатындары жасырын емес.
Осындай келенсіз оқиғаларды болдырмау үшін, Қармақшы ауданының полиция бөлімінің және Төтенше жағдай бөлімінің қызметкерлері де суға шомылу маусымы басталғалы тынымсыз жұмыс режиміне көшті. Сонымен қатар, суға түсушілерге судағы қауіпсіздік ережелері туралы мағлұматтар беріліп, арнайы дайындалған жадынамалар таратылды. Адамның өмірінен артық құндылық жоқ. Сондықтан да суға түскен кезде қарапайым ережелерді сақтау керек. Сонда ғана тілсіз жаудың алқымынан аман қалуға болады.

Қармақшы ауданының Полиция бөлімі

22 шілде 2024 ж. 518 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№25 (10492)

07 сәуір 2026 ж.

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 811
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 508

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930