» » Білім сапасы артып келеді

Білім сапасы артып келеді

Өткен жұмада Жосалы кенті әкімі аппаратының мәжіліс залында аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлзира Абдазиева БАҚ өкілдерін сала бойынша І тоқсанның қорытындысымен таныстырып, брифинг өткізді.
Бүгінде білім бөліміне қарасты 47 мектепке дейінгі білім беру, 30 жалпы орта білім беретін мектеп, қосымша білім беретін Оқушылар үйі, әуез мектебі және кешкі мектеп жұмыс істейді. Оның ішінде 47 мектепке дейінгі білім беру ұйымы болса, оның 25-і мемлекеттік, 17-сі жекеменшік, 1-еуі шағын орталық. Аудан бойынша 2-6 жас аралығындағы 3484 бала 84,4 пайызды құраса, 3-6 жас аралығында 2965 бала 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамтылған. Мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда барлығы 398 педагог қызмет атқарады.
Биыл оқу жылын 15087 оқушы аяқтағалы отыр. Олардың 1458-і 9-сыныпты аяқтап, негізгі мектепті бітірген туралы аттестат алса, 686 оқушы орта мектепті бітіру туралы аттестат алады. 1-4 сыныптардағы 5991 оқушы келесі сыныпқа көшірілсе, 5-8,10 сыныптардағы 6952 оқушы қазақ тілінен емтихан тапсыру арқылы келесі сыныпқа көшіріледі. Аудандағы 2221 педагогтің жоғары білімдісі – 2113, арнаулы кәсіптік орта білімдісі – 108.
Оқулықтар мен оқу-әдістемелік құрал сатып алуға 148559 мың теңге қаржы бөлінді. Оқулықтар бойынша 1-11 сыныптарға барлық білім беру ұйымдарынан келіп түскен сұраныстарына сәйкес, 100 пайыз оқулықпен қамтамасыз етіліп отыр.
Оқу үдерісін сапалы ұйымдастыруды қамтамасыз етуде жылма-жыл жаңа модификациялы пән кабинеттерімен толықтырылуда. №284 мамандандырылған мектеп-лицей интернаты материалдық жабдықтармен қамтамасыз етіліп, стандарт талаптарына сай спортзал салу жұмыстары басталды. Аудандағы 435 ерекше білім беруді қажет ететін балалар үшін инклюзивті ортаны қалыптастыру бағытында оңтайлы жағдайлар жасалған. Жалпы инклюзивті біліммен, қажетті мамандармен қамтылған мектептер үлесі 93 пайызды құрайды.
Білім беру ұйымдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі басты назарда болуы тиіс. Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітілген білім беру объектілерін қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық бойынша білім беру ұйымының 23-інде бейнебақылау камерасы полиция бөлімдеріне қосылған. Қалған 4 білім беру ұйымында да жаңа талапқа сәйкестендіру бойынша облыстан қаржы сұралып, бейнебақылау камераларымен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде. Турникет 100 пайыз орнатылған. Дабыл түймесі жалпы 23 білім беру ұйымдарында орнатылған.
Әлеуметтік осал отбасыларынан шыққан барлық бастауыш сынып оқушыларын тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етуге байланысты 1-4 сыныпта оқитын 4472 оқушы және әлеуметтік көмекті қажет ететін отбасыларынан шыққан 3652 баланы қосқанда, барлығы 8124 оқушы мемлекет тарапынан қаржыландырылып бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылып отыр. 6 мектепте оқушылардың мектептен үйге және үйден мектепке тегін тасымалы ұйымдастырылған.
Жалпы аудан бойынша Оқушылар үйіндегі 29 үйірмеге 1130, өнер мектебіндегі 18 үйірмеге 383, мәдениет үйінің жанындағы үйірмелерге 1100, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған секцияларға 24, №15 мамандандырылған балаларжасөспірімдер спорт мектебіндегі 32 секцияға 1104, №16 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің 21 спорттық секциясына 780, аудандық ФОК спорт клубындағы 17 секцияға 208, «Орда» әскери-патриоттық клубындағы 34 нұсқаушыға 2800 оқушы спорттық үйірмелерге тартылған. Байқоңыр қаласындағы мектептер Ресей мемлекетінің қала әкімшілігіне қарасты әртүрлі спорттық секциялар мен үйірмелерге барлығы 2262 оқушы қатысады.
Аудан ұстаздарының ішінде облыстық, республикалық деңгейде марапат биігінен көрініп жүрген ұстаз қатары артуда. Республикалық деңгейде №80 мектеп-гимназиясының география пәнінің мұғалімі Серік Ниязов жыл сайын өткізілетін «Үздік педагог» конкурсының республикалық кезеңінде «Үздік педагог» атанса, бастауыш сынып мұғалімдері арасында «Алтын тұғыр» олимпиадасының республикалық кезеңінде №269 орта мектебінің мұғалімі Жадыра Сапақ ІІІ орын, №111 орта мектеп мұғалімі Шұғыла Шайменалиева І орынды иеленіп, Дубайға жолдама алды. Алматыда өткен «Педагогикалық идеялар фестивалінің» республикалық кезеңінде №279 мектеп-лицейінің педагог-психологі Эльмира Медеуова ІІІ орынды иеленді. Еліміздегі «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» бағдарламасы аясында Қызылорда облысынан 11 педагог іріктеуден өтіп сертификат алса, ауданымыздан да 2 педагог (№121 – 1, Оқушылар үйі – 1) республикалық кадрлық резервке енді.
Аудан бойынша педагогтер арасында іс-тәжірибе алмасу арқылы құзыреттерін арттыру мақсатында І тоқсанда 10 облыстық және 12 аудандық семинар ұйымдастырылып, жоғары деңгейде бағаланды.
Биыл 685 бала мектеп бітіреді деп күтілуде. Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық жұмыстары жүргізілуде. Қаңтардағы ҰБТ-ға 637 (92,9%) түлек қатысса, наурыздағы ҰБТ-ға 611(89,2%) бітіруші қатысып, білімдерін саралады.
Жалпы білім беретін пәндік олимпиада қорытындысымен облыста №277 мектеп-лицей «Ең үздік аудан мектебі» номинациясын жеңіп алса, 22 оқушы арнайы жүлдемен, 9 оқушы алғыс хаттармен марапатталды. Ал республикалық кезеңнен 2 оқушы (№85) ІІІ орын иеленді. Жалпы пәндік олимпиададан, басқа түрліше облыстық, республикалық пәндік сайыстарда, «Жарқын болашақ», «Бастау», «Ауыл олимпиадаларында» үш айдың қорытындысымен 24 оқушы жеңімпаз атанды.
«Төрт тоқсан – төрт өнер» жобасында «Жаңа күн – Жаңа Қазақстан» облыстық ақындар айтысынан №85 мектеп оқушысы ІІ орын, N277 мектеп-лицейінің оқушылары республикалық пікірсайыс турнирінде ағылшын лигасы бойынша жүлделі ІІ орынды жеңіп алып, 150 мың теңге сертификатын иемденді. Облыстық «Көк тудың желбірегені» тақырыбындағы дебат ойынынан №250 мектеп-лицейдің орыс, қазақ лигалары ІІІ орынға ие болды. «Қозғалыстың жас инспекторлары жасақтарының облыстық байқауына №277 мектеп-лицейінің «Сергек» жасағы І орын иеленді. Тик-Ток әлеуметтік желісіне жүктелген «Бес асық» үйірмесінің мүшесі №107 орта мектептің 6-сынып оқушысы Мәриям Жаңабайдың бес асық ойнаған видеосы 34 миллион қаралым жинап, көрермен қызығушылығын тудырды.
Аудандағы барлық білім беру ұйымдарында Абайдың «Толық адам» рухани құндылығы, «Оқуға құштар мектеп», «Дебат қозғалысы», «Балалар және театр», «Мектеп парламенті», «Жылыжай» жобалары жүзеге асырылып, ісшаралар өткізілуде.
2023-2024 оқу жылында ауданнан 685 оқушы жалпы білім беретін орта мектепті бітіреді. Осы түлектердің 94,7%-ы, яғни 649 бітіруші Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысады деп күтілуде. Олардың 54-і «Алтын белгіге», ал 67 бітіруші «Үздік аттестатқа» үміткер болып ұсынылуда. Мектеп бітірушілеріміз мемлекеттік грантты жоғары деңгейде иеленеді деген сенімдеміз.
«ҚТ» ақпарат
22 мамыр 2024 ж. 253 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 274

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 371

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930