» » Сыбайластық ел дамуына кедергі

Сыбайластық ел дамуына кедергі

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі. Себебі, сыбайлас жемқорлық еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына кері әсер ететін, елдің даму болашағына қауіп төндіретін құбылыс.
Біздің мемлекетіміз басқа да көптеген мемлекеттер сияқты сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оны болдырмау мақсатында қарқынды жұмыс жүргізуде. Кез келген өркениетті оғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес көлемді мәселе. Сыбайлас жемқорлық бұл мемлекеттік міндеттерді атқаратын адамдардың, сондай-ақ соларға теңестірілген адамдардың лауазымдық өкілеттігін және соған байланысты мүмкіндіктерін пайдалана отырып не мүліктік пайда алу үшін олардың өз өкілеттіктерін өзгеше пайдалануы, жеке өзі немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүліктік игіліктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игіліктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруі арқылы оларды сатып алу. Сыбайлас жемқорлық мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін айтарлықтай төмендететінін, қоғамға демократиялық оң өзгерістерді жүзеге асыруды тежейтіні, елдің халықаралық беделіне нұсқан келтіретіні белгілі. Ең бастысы- адамдардың қоғамның демократиялық бастауларына, заң мен шындыққа, сайып келгенде билікке деген сенімін әлсіретеді.
Сыбайлас жемқорлық-заң бұзушылықтың негізгі ең үлкен түрі. Қоғамның әрбір мүшесі, Қазақстанның әрбір азаматы түйткілді түбірмен жоюға белсенді түрде араласуы міндетті. Сыбайлас жемқорлықтың көріністері алдымен азаматтардың конституциялық құқықтары мен мүдделеріне қысым жасайды және де заңдылық принциптеріне нұқсан келтіреді. Жемқорлық фактілері туралы айтқандардың да шағымдары аяқсыз қалмайды. Басты қадағалау заң қызметкерлерінен болуға тиіс. Әрине соған қарамастан  лауазымын асыра сілтеп, жемқорлық санын көбейтушілер жоқ емес. Сыбайлас жемқорлықтың фактілерін азайту үшін қарапайым халықтың ынтасын арттыру мақсатында қаржылай сыйақы тағайындау да қаралыстырылған. Сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтарды анықтауды, алдын алуды және олардың жасалуына жол берген кінәлі адамдардың жауапкершілігін шешу барлық мемлекеттік мекемелер үшін ортақ. Соның дәлелі ретінде бүгінгі таңда аудан көлеміндегі мемлекеттік мекемелермен ұйымдастырылып жатқан семинарлар, дөңгелек үстелдер, бұқаралық ақпарат көздеріне беріліп жатқан мақалалар сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында атқарылып келе жетқан іс-шаралар ретінде тануымыз қажет.
Сот жүйесіндегі жаңа технологиялардың енгізілуі, ашықтық пен жариялылық сыбайластыққа жол бермейді. Әрине  сыбайлас жемқорлық сылып тастайтын сыртқы жара емес, бұл – тамырын тереңге жайған, өзге сау органдарды шырмап, тыныс тіршілігін тарылтатын, сөйтіп олардың толыққанды қызмет етуіне қатер төндіретін миға түскен құрт. Ол үшін аталған дертке қарсы күресуіміз қажет. Сонда ғана ел мүддесі үшін зор үлес қосатынымыз және халық сенімінен шығатынымыз анық.
Е.Мәтжанов,
Қармақшы аудандық сотының
сот әкімшісінің басшысы 
13 мамыр 2024 ж. 224 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031