» » Денсаулығың - басты құндылығың

Денсаулығың - басты құндылығың

7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күні әрбір адамның өз денсаулығына қамқорлықпен қарап, түрлі аурудың алдын алуға арналған күн. Биылғы Денсаулық күнінің ұраны – «Менің денсаулығым – менің құқығым!» тақырыбымен айқындалып отыр.
Денсаулық күнін жыл сайын өткізу 1950 жылдан бастап дәстүрге айналған. Бұл күннің ақпараттық-ағарту іс-шаралары адамдар өз өмірлерінде денсаулықтың мәні зор екендігін түсінуі үшін жүргізіледі. Нәсіліне, ұлтына, жынысына, жасына қарамастан барлық адам өмір сүруге және денсаулығын қорғауға құқылы. Адам туылғаннан бастап физикалық, психикалық әл-ауқатының толық құқығына, лайықты және қолжетімді медициналық көмек алу құқығына ие. Сондайақ бұл құқық адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясында да, ДДҰ жарғысында да бекітілген. 2009 жылы қолданысқа енген «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі» туралы ҚР Кодексі республикадағы денсаулық сақтау саласындағы заңнаманы жүйелеуді, халықаралық стандартқа сәйкес келуді, медициналық қызмет көрсету сапасы мен деңгейін арттыруды, сапалы дәрілік заттармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен, техникалармен қамтамасыз етуді қамтитын алғашқы кодификацияланған акт.
Денсаулық күні – бұл мереке. Бұл күн – дені сау, рухты ұлттың дамуына тікелей әсер ететін, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғауға, экологиялық жағдайды жақсартуға ұмтылатын кез келген адам үшін мейрам.
Осы орайда аудандық аурухананың медицина қызметкерлері атаулы күнге байланысты «Зиянды әдеттердің алдын алу» тақырыбында «Темекісіз өмір» флешмобын ұйымдастырды. «Ашық есік күні» акциясында елді мекендерге «Жылжымалы медициналық кешен» автобусы шығып, емхананың дәрігермамандары ауыл тұрғындарын медициналық тексерулерден өткізді. Бұл акцияның мақсаты – ауруды ерте анықтау мен диагностикалауда адамдарды скринингтік, жалпы медициналық тексерулерден өткізіп, зерделеп, алдын алу профилактикалық шараларын жүргізу. Халықтың назарын өз денсаулығына аударып, саламатты өмір салтына оң көзқарас қалыптастыруды насихаттау, зиянды әдеттерден арылуға пайдалы кеңестермен бөлісіп, өз денсаулығы мен құқығы жөнінде ақпараттандыру.
Акция барысында орта медицина мамандары емхана ауласына 65 түп ағаш көшетін отырғызды. Дені сау ұлт – дені сау мемлекет. Біз сау болашақты жасаймыз. Дерт көп, денсаулық біреу екенін ұмытпайық.
Әмина КЕТЕБАЕВА,
аудандық Жастар денсаулығы
орталығының психологі
11 сәуір 2024 ж. 245 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 280

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 375

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930