Менің денсаулығым – менің құқығым
Жыл сайын бүкіл әлем 7 сәуірде «Дүниежүзілік денсаулық күнін» атап өтеді. Бұл мереке 1948 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (World Health Organization, WHO) құрылуына орай пайда болды. Мерекенің өзі 1950 жылдан бастап адамдардың физикалық және психологиялық денсаулығының маңыздылығын түсінуі үшін атап өтіледі, ал мемлекеттік ұйымдар медициналық салаға көбірек уақыт пен көңіл бөледі.
Дүниежүзілік денсаулық күні – адам өз денсаулығына қамқорлық жасауға және түрлі аурудың алдын алуға арналған күн. Сондай-ақ бұл шара адам өз өмірінде денсаулықтың мәні қаншалықты зор екенін түсініп, оны жақсарта түсу мақсатында тиісті шешім қабылдауы үшін өткізіледі.
ДДҰ әр адам өз денсаулығын сақтап, күтуге жауапты екендiгiн естен шығармауды ұсынады. Адам денсаулығы – бұл адамзаттың ең құнды сыйлығы. Онымен ештеңені, байлықты да, қоғамдағы мәртебеңді де, атақ-даңқыңды да салыстыруға келмейді. Бұл – бізге табиғат сыйлаған нағыз байлық. Бұл күн жыл сайын денсаулық сақтау саласындағы жаһандық мәселелерге арналып, әртүрлі ұранмен өтеді. Биылғы тақырып – «Менің денсаулығым – менің құқығым». Денсаулық сақтау құқығы кез келген мемлекеттің әлеуметтік саласын дамытудағы басым бағыт болып табылады.
Бұл күнгі ақпарат науқанының міндеті – халықтың осал топтарына (мүгедектер, ерекше балалары бар отбасылар, қарттар үйінің тұрғындары, қарттар, жетім балалар, балалар үйлері мен мектеп-интернаттарының тәрбиеленушілері) баса назар аудара отырып, халық арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін ақпараттық алаң құру. Аурулардың және мінез-құлық қауіпті факторларының алдын алу. Темекі шегуден және ішімдік ішуден бас тарту, дұрыс тамақтану дағдыларын қалыптастыру, дене белсенділігін арттыру. Денсаулықты сақтау және нығайту үшін қоғамдық оң пікір қалыптастыру. Сондықтан сізді дене мен рух арасында үйлесімділік тауып, өзіңізбен және басқа адамдармен өзара түсіністік табуға шақырамыз.
Дариха ҚҰЛМЫРЗАЕВА,
аудандық емхананың «Салауатты
өмір салтын қалыптастыру»