» » Тазалық - имандылық белігісі

Тазалық - имандылық белігісі

Қазақта қасиетті бір ұғым бар – тазалық деген. Қай кезде де жанның да, тәннің де тазалығы атамыз қазақ үшін маңызды болған. Сол үшін де тазалықты иманның жартысы деп тәмсілдеген. Тазалыққа берілетін баға жай ғана сөзбен емес, ақыл-парасат, ой-сана тұрғысынан өлшенетінін көбіміз аңғара бермейміз. Ол адамның бала кезінен санасында қалыптасса, ертең ересек болғанда қоршаған ортаның жанашыры, табиғатпен біте қайнасады.
Сол жолдағы игілікті істердің ұйтқысына айналады. Өйткені тазалық көрік берумен қатар, экологиялық жағдайды да қалыптастырады. Күтімі бар ауыл, қаладан келген қонақтың көңілін жадыратып, жақсы пікір қалдырса, керісінше лас елді мекен жиіркеніш туғызады және адамдардың денсаулығына орасан зор қауіп әкеледі. Жергілікті жерді көркейтіп, көгалдандыру, абаттандыру жұмыстарын жүргізуде ауданда көктем, күз мезгілдерінде санитариялық іс-шара өткізіледі. Бұл жұмыстар қазіргі кезде басталып та кеткен. Ұжым қызметкерлері әрбір сенбі сайын кент, ауылдық жерде қоғамдық орындар мен көшелерге тазалық жүргізіп, туған өлкенің көркеюіне қызмет жасайды. Осы және басқа мәселелерді көпшілікпен талқылау мақсатында жақында К.Рүстембеков атындағы жыраулар үйінде аудан әкімі Жандос Еркінбекұлының төрағалығымен кеңейтілген мәжіліс өтті. Оған кент, ауылдық округі әкімдері, депутаттар, бөлім, мекеме басшылары, ардагерлер, кәсіпкерлер және көше комитеттерінің төрағалары қатысты.
Мәжілістің күн тәртібіне орай «Аудандағы көркейту-көгалдандыру және санитарлық тазалық жұмыстары туралы» аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Рустам Ефенов және Жосалы кенті әкімінің міндетін уақытша атқарушы Алмасхан Досмұратов хабарлама жасады.
Хабарламаға сай көше комитеттерінің өкілдері, ардагерлер, кент тұрғындары пікірлерін айтып, өздерін толғандырып жүрген аяқсу, көгалдандыру, тазалық мәселелерін ортаға салды.
Тақырып төңірегінде аудандық мәслихат төрағасы Әділ Қошалақов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков сөз қозғап, тұрғындарды қоғамдық орындар мен көшелердің тазалығын сақтауға, оған жанашырлықпен қарауға шақырды.
Жиында аудан әкімі Жандос Еркінбек тазалық пен тәртіп қашан да басты назарда болатынын жеткізді.
– Тазалық жұмыстарымен барлық мекеме, кәсіпорын басшылары мен қызметкерлері, жеке кәсіпкерлер айналысып, тәртіп сақтауы қажет. Сонда ғана тазалық сақталады және елді мекендер көркейеді. «Тазалық – тазалаған жерде емес, тазалықты сақтаған жерде» дейді дана халқымыз. Осыған орай тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын әлі де күшейту қажет. Ауданымыздың тазалығын сырттан ешкім келіп істеп бермейді. Оның тазалығы өзгеге емес, ең алдымен өзімізге қажет екенін естен шығармайық. Сонымен қоса, тал егу жұмыстары да сырт қалмауы тиіс, – деді ол сөз түйінінде.
Кеңейтілген мәжілісте тұрғындар тарапынан айтылған ұсыныс-пікірлер назарға алынып, тиісті сала басшыларына тапсырмалар жүктелді.
С.ДАТ
03 сәуір 2024 ж. 273 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 281

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 376

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930