Алаяқтық қылмыстың алдын-алу және онымен күресу
Бүгінде кез-келген адамның алаяқтардың арбауына оңай түсіп қалуы мүмкін. Көбінесе өз пайдасын асыра ойлау, адамдарды алаяқтармен келісім жасауға итермелейді. Кейбір азаматтар біреудің сөзіне сеніп несие рәсімдеп, ертесінде сан соғып қалып жатады.
Біздің мемлекетімізде жеке меншік пен мемлекеттік меншік тең дәрежеде танылады және заңмен қорғалады. Пайдакүнемдік қылмыстардың бірі ол – «Алаяқтықты» көздейтін қылмыстар. Алаяқтық – бұл нарықтық экономика жағдайында және кәсіпкерлік қызмет еркіндігінде кең таралған қылмыстың түрі.
Бүгінде ауданымызда алаяқтықтың алдын-алу шаралары жие жүргізілуіне қарамастан, адамдар телефон арқылы ақша жымқыратындарға алданып, сан соғып қалуда. Өз кезегінде ауданымыздың полиция қызметкерлері азаматтарға өте сақ болуға және құқық қорғау органдарының кеңестеріне немқұрайлы қарамауға кеңес беруде. Құжаттарды рәсімдеуде, несиелер мен тұрғын үй, әлеуметтік көмек алуда және т.б. күмәнді қызметтерді ұсынатын бейтаныс адамдарға сенушілік танытудың қажеті жоқ. Өз проблемаларын шешуге немесе тез материалдық пайда алуға үміттеніп, әртүрлі алаяқтарға баруға болмайды.
Полиция қызметкерлері телефон арқылы ақша сұраған адамдардан аулақ болу керек екендігін ескертеді. Мұндай жағдайда тез арада ішкі істер органдарына хабарласу керек.
Қармақшы АПб-нің криминалдық полиция бөлімшесі