» » Түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Түсіндірме жұмыстары жүргізілді

ҚАЙ САЛАДА, ҚАНДАЙ ЖҰМЫС ТҮРІНДЕ БОЛСЫН БІРІНШІ КЕЗЕКТЕ ТӘРТІП МАҢЫЗДЫ. КЕЙДЕ ҚАРАПАЙЫМ ЕРЕЖЕГЕ ҚҰЛАҚ ТҮРМЕЙ ЖАТАМЫЗ. СОНЫҢ САЛДАРЫНАН ТҮРЛІ ОЛҚЫЛЫҚТАР ДА ОРЫН АЛАДЫ. ОНЫҢ АЛДЫН АЛҒАН ЖӨН. АЙТЫЛҒАН СӨЗ ӘРЕКЕТКЕ, НӘТИЖЕГЕ БАСТАУ ҚАЖЕТ.

Осы орайда аудан әкімі Жандос Еркінбекұлының тапсырмасына сәйкес аудандағы ірі сауда нысандарында сауда-саттық тәртібін сақтау, қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында арнайы жұмысшы топ құрылды. Топтың құрамында төтенше жағдайлар және аудандық полиция бөлімінің, кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің, санитарлықэпидемиялогиялық бақылау басқармасының, мемлекеттік кірістер басқармасы қызметкерлері бар. Олар жұмысты «ә» дегеннен бастап үлгерді.
Сенбіде жұмысшы топ аудан орталығындағы халық көп шоғырланатын сауда нысандарын аралады. Кәсіпкерлік нысан иелеріне саудасаттық тәртібін сақтау, көпшілік іс-шараны ұйымдастыру кезінде қоғамдық тәртіптің қатаң сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ өрт қауіпсіздігінің алдын алу, заман талабына сай инженерлік-техникалық күзет жабдықтармен жарақтандыру, сауда орындарындағы санитарлықгигиеналық тазалықтың қатаң сақталуы жөнінде ақпараттар берілді. Аудан бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы мамандары да соңғы уақытта кәсіпкерлер арасында көп талқыланып жүрген мобильді аударымдарға байланысты «алыпқашпа» әңгімеге құлақ аспай, дәйекті деректермен таныстырды.
«Қт» ақпарат
31 қаңтар 2024 ж. 385 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

№20 (10487)

17 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 741
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 104

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 472

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031