» » Адам саудасына және адам еңбегін заңсыз пайдалануға жол жоқ!

Адам саудасына және адам еңбегін заңсыз пайдалануға жол жоқ!


qarmaqshy-tany.kz Адам саудасына қарсы іс-қимыл бойынша облыстық мобильді топ мүшелерінің және кент, ауылдық округ әкімдері, жеке кәсіпкерлер, өндіріс, шаруа қожалығы басшылары, білім, медицина саласының қызметкерлері мен белсенді жастардың қатысуымен арнайы жиын өтті.

Жиынға төрағалық еткен аудан әкімінің орынбасары Самат Қыдырбекұлы адам саудасына қатысты құқық бұзушылықтың жолын кесу мақсатында атқарылған жүйелі жұмыстарға тоқталып, аудан бойынша 2023 жылдың өткен мерзіміне адамдарды заңсыз әкету, әкелу және сатуға байланысты қылмыстар тіркелмегендігін айтты.

Одан соң, жиын барысында облыстық Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының аға жедел уәкілі, полиция майоры Азимбек Бейсенбекович, облыстық бақылау жөніндегі басқармасының Талдау, есептілік және қаржы бөлімінің басшысы Индира Қылышбекқызы баяндама жасады.

Сонымен қатар, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Ермағанбетұлы сөз сөйлеп, ұлттық құндылықтар туралы орамды ойын жеткізді. Әрі қарай аудан әкімінің орынбасары жиынға арнайы келіп, ой-пікірлері мен ұсынымдарын ортаға салған қатысушыларға алғысын білдіріп, жиынды қорытындылады.

08 желтоқсан 2023 ж. 340 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 781
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 137

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 493

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930