Бастауыш ұйым – партия тірегі
qarmaqshy-tany.kz «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ ЛӘЙЛӘ ТӨРЕШОВА АУДАНДА БОЛЫП, БАСТАУЫШ ҰЙЫМ ТӨРАҒАЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ. ЖИЫНДА БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТIН ОДАН ӘРI ЖАНДАНДЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ СӨЗ БОЛЫП, ПАРТИЯНЫҢ АЛДАҒЫ МАҚСАТ МІНДЕТТЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ.
«Өздерiңiзге белгiлi, «AMANAT» партиясы үнемі тың бастамалар көтерiп, жауапты шешiмдер қабылдауға ұйытқы болып қана қоймай, Мемлекет басшысының қоғамдық тірегі ретінде оның барлық бастамалары мен саяси реформаларын толық қолдап келеді. Атап айтсақ, елімізде Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, Президент пен Парламент Мәжіліс, мәслихаттар сайлауының жаңа форматы секілді ауқымды саяси өзгерістер орын алды. Бұл жұмыстардың барлығына өздеріңіз белсенді қатысып, куә болып келесіздер» деді Ләйлә Төрешова.
«AMANAT» елмен етене араласып, халықтың мүддесiн қорғап жүрген бiрден-бiр қоғамдық ұйым болып табылады. Бүгiнде облыста 206 бастауыш ұйымдарға топтастырылған партияның 45 мыңнан астам мүшесi болса, ауданда 18 бастауыш ұйым, 3855 партия мүшесі жұмыс жасайды. Бүгінгі күні партияның Орталық аппараты тарапынан бастауыш ұйымдарды материалдық қолдау шаралары да жүргiзiліп келеді. Осылайша, жергiлiктi жердегi бастауыш партия ұйымдарын қолдау арқылы қарапайым тұрғындардың әлеуметтiк мәселелерiн анықтауға және оны бiрлесе шешуге мүмкiндiктер жасалынып отыр.
Бастауыш партия ұйымдары елiмiздегi аса маңызды бағдарламалар мен тапсырмаларды жергiлiктi жерде жүзеге асыратын үлкен күш болып есептеледi. «AMANAT» партиясының қоғамдағы ең басты саяси күшке айналып, халықтың қолдауына ие болуына осы бастауыш партия ұйымдарының қосар үлесi мол. Осы орайда партияның облыстық филиалының атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешова партияның алдында тұрған мақсаттар мен міндеттер айқындығын атап өтіп, ең бірінші кезекте партияның саяси Тұғырнамасы мен Сайлауалды бағдарламасында айқындалған еліміз бен аймағымыздың табысты дамуына бағытталған міндеттерді бірлесе де белсенді атқару қажет екендігін жеткізді.
Ашық пiкiр алмасу ортақ iс үшiн әрқашан пайдалы болмақ. Осы орайда партияның облыстық филиалының атқарушы хатшысы бастауыш ұйым төрағаларының ұсыныс-пікірлерін тыңдап, бірқатар міндеттер жүктеді. Соның бірі – бастауыш ұйымдар жұмысын ашық ақпараттандыру.
– Жалпы ақпараттандыру жұмысын айтқанда партияның барлық бағыттағы қызметі азаматтар үшін ашық және кең көлемде жариялануы тиіс. Біз партия жұмысын халыққа ашық көрсетуіміз қажет. Сондықтан партия қызметін ақпараттандыруға бастауыш ұйым төрағаларынан бастап, барлық белсенділері толық қатысулары керек, – деді Ләйлә Төрешова.
Жиын соңында «AMANAT» партиясы аудандық филиалының төрағасы Әділ Қошалақов атқарушы хатшы тарапынан бастауыш ұйымдар жұмысын жетілдіруге қатысты айтылған барлық ұсыныстарды алдағы жұмыстарда жүзеге асыруға жұмылатындықтарын жеткізді.
«Қт» ақпарат