Арал ауданында электр желілері қайта жаңғыртылуда
Бүгін де «Аудандық электр тораптары» меншігіндегі 0,4кв,10кв,35кв 110кв кернеулері бойынша жалпы ұзындығы-1900км әуе желілері бар. Оның 6-ы 110/35/10кв қосалқы станция және 14-і 35/10кв қосалқы станция, 191-і 10/0,4кв трансформаторлық станция мен бес 10кв тарату пункіті бар.
2023-2024 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес ағымдағы жылы 110кВ Л-106 «Әйтеке би – Арал» әуе желісінің 15 дана тірегіне керме тартылып, 35кВ әуе желісінің ақаулы СВ-164-12 маркалы темірбетон тірегі Л-20 «Арал-Бірлестік» әуе желісінде 3 дана, Л-72 «Аманөткел-Аққұлақ» әуе желісінде – 4 дана, Л-72А «Аққұлақ-Бөген» әуе желісінде 3 дана тірегі ауыстырылды. Сондай -ақ, Арал қаласының №2 10кВ тарату пунктінен шығатын 10кВ әуе желісінің ақаулы 1 дана тіректері СВ-105 маркалы тірекке ауыстырылды және 700м-ден ашық алюминды сымы оқшауланған сымға (СИП1х50) алмастырылды. Арал қаласы 0,4кВ әуе желісінің 61 дана ақаулы тірекі алмастырылды және 2,2км 0,4кВ әуе желісі жаңаланды. Сонымен қатар, Тоқабай елді мекені ішінде орналасқан 5 дана 10/0,4кВ қосалқы станциясының және Ерімбет елді мекенінде орналасқан 35/10кВ «Еримбет» қосалқы станциясының сыртын сырлау және электржабдықтарын ауыстыру жұмыстары атқарылды.35кВ әуе желісінің ақаулы 1 дана СВ-164-12 маркалы темірбетон тірегі алмастырылды.Тоқабай елді мекені 0,4кВ әуе желісінің ақаулы 20 дана тірегі және Шижаға елді 0,4кВ әуе желісінің мекенінің 10 дана тірегі жаңа СВ-9,5 маркалы темірбетон тірекке ауыстырылды, 0,8км 0,4кВ әуе желісі жаңаланды. Арал қаласында 10кВ №2 тарату пункті және 5 дана 10/0,4кВ қосалқы станцияның сыртын сырлау және электржабдықтарын ауыстыру жұмыстары атқарылды.
Сондай-ақ, Аудан бойынша жоспарлы жөндеу жұмыстары барысында Арал ауданы бойынша 110/35/10кВ «Арал», «Қамбаш», «Аралқұм», «Сексеуіл», «Қосаман», «Бердікөл» – 6 дана қосалқы станцияның және 35/10кВ – 14 дана қосалқы станцияның жоспарлы техникалық күтім, оқшаулығыштарды тазалау жұмыстары жүргізілді. Сонымен қоса, 10/0,4кВ 191 дана қосалқы станцияның оқшаулағыштарын тазалау жұмыстары атқарылды. Аудан бойынша – 1879,45км 0,4кВ, 10кВ, 35кВ, 110кВ әуе желілерінің бойы қауіпті деген талдардың бұтақтарынан тазартылды, босаған сымдары тартылып қарап тексеру жұмыстары жүргізілді. Бүгінде тұтынушылардың пайдаланып отырған электр энергиясының сапасын арттыру мақсатында, көптеген 0,4кВ әуе желілірінің жүктемелері реттелді. 35кВ Л-84 «Киров-Алға» әуе желісі, және 35кВ габаритіндегі Жіңішкеқұм елді мекеніне баратын Л-22 10кВ әуе желісінің қисаған темірбетон тіректері қалпына келтірілді.
Алдағы уақытта «Арал аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Арал қаласының 0,4кВ әуе желілерін қайта жаңғырту жұмыс көлемі ұсынылып, 45км әуе желісін және 15 дана 10/0,4кВ қосалқы станциясын қайта жаңғыртуға және Сексеуіл кенті және Бекбауыл елді мекенінің 10/0,4кВ әуе желісін қайта жаңғырту жұмыстарына жоба сметалық құжаттар дайындалып, бюджеттен қаражатты бекіту және бөлу жұмыстары қарастырылуда.
Дәл осындай алты тіректі елді мекендерде атап айтқанда Қамыстыбас, Аманөткел, Шижаға, Аралқұм, Абай, Қаратерең елді мекендерінде 10-0,4кВ әуе желілерін және 10/0,4кВ қосалқы станцияларын қайта жаңғыртуға жұмыс көлемі ұсынылып, қайта жаңғыртуға жоба сметалық құжаттар дайындалып, облыстық бюджеттен қаражатты бекіту және бөлу сатысында тұр.