» » Президенттің «Әке туралы ой-толғау» кітабы Түркияда жарық көрді

Президенттің «Әке туралы ой-толғау» кітабы Түркияда жарық көрді

Түркияда қазақ халқының көрнекті жазушысы, еліміздегі детектив жанрының негізін қалаушы Кемел Тоқаевтың 100 жылдығына орай, «Кемел Тоқаев – қоғам қайраткері, көрнекті жазушы, белгілі журналист» атты халықаралық конференция өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.


(сурет ғаламтордан)

Шара барысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың түрік тіліне аударылған «Әке туралы ой-толғау» кітабы таныстырылып, тұсауы кесілді. Жаңа жинақ жазушы, Еуразия Жазушылар одағының төрағасы Якуп Өмероғлы басқаратын «Бенгу» баспасынан жарық көрген. Алқалы жиынды әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және Ыстанбұл университеті Фараби-Еуразия ғылыми орталығы ұйымдастырды. Екіжақты танымдық басқосудың мақсаты – Кемел Тоқаевтың шығармашылық мұрасын түркі әлеміне танытып, бауырлас мемлекеттер арасында насихаттау және түркі елдері әдебиетін дамыту. Конференцияға әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев, Еуразия Жазушылар одағының  төрағасы Якуп Өмероғлы, шетелдік ғалымдар, тарихшылар, Ыстанбұл университетінің оқытушы-профессорлар құрамы мен білім алушы жастары қатысты. Жиналғандар алдында Түркия университеттерінің доктор-профессорлары Али Шукру Чорук, Абдулуақап Кара, Орхан Сойлемез, Айна Аскерұлы Арслан баяндама жасап, Кемел Тоқаевтың өмірі мен шығармашылығына тоқталды. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев өз сөзінде жазушы Кемел Тоқаевты түркі әлеміне тереңірек таныстырып, туыстас елдер әдебиетіне сіңірген еңбегін айрықша атап өтті.
«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әке туралы ой-толғау»  кітабы ХХ ғасырдың басында қазақ даласында өткен тарихи оқиғаларды баяндайды. Мемлекет басшысы өз әкесінің өміріне үңіле отырып, Қасым және Кемел атты қазақ жігіттерінің асқақ рухын суреттейді. Қабырғалы қаламгердің шығармашылық еңбектері арқылы қазақ әдебиетінің қалыптасу тарихын және түркі әлеміне сіңірген еңбегін танып-біле аламыз», деді Жансейіт Түймебаев.
Кемел Тоқаев 1923 жылы 2 қазанда Алматы облысының Қаратал ауданында дүниеге келген. 1948 жылы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Кейін «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш»), «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан»), «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газеттері редакцияларында жауапты қызметтер атқарды. 1960-1977 жылдары Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі «Ведомостарының» бас редакторы, 1980-1984 жылдары Қазақстан жазушылар одағының әдеби кеңесшісі болып жұмыс істеді. Кеңес чекистері тақырыбына арналған 10-нан астам кітабы қазақ және орыс тілдерінде басылып шықты. Кемел Тоқаев – соғыс тақырыбына арналған сүбелі шығармаларымен қатар, қазақ әдебиетіндегі детектив жанрының негізін қалаған көрнекті жазушы. «Жұлдызды жорық», «Қыс қарлығашы», «Түнде атылған оқ», «Қастандық», «Замандас сыры», «Арнаулы тапсырма», «Сарғабанда болған оқиға», «Таңбалы алтын», «Соңғы соққы», «Солдат соғысқа кетті», «Ұясынан безген құс» атты туындылардың авторы.



24 қыркүйек 2023 ж. 216 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 022

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031