» » Жастарды имандылыққа тəрбиелеу, олардың діни сауаттылығын арттыру

Жастарды имандылыққа тəрбиелеу, олардың діни сауаттылығын арттыру

Бүгін Алдашбай Ахун атындағы орталық мешітте ауыл ақсақалдары, ауыл округ əкіміне қарасты мекеме басшылары бас қосты. Ауыл мешітіне діни сауатты жас ұстаз келді. Мақсаты: жастарды имандылыққа тəрбиелеу, олардың діни сауаттылығын арттыру. Бұл ұсынысты ауылдың сыртта қызмет атқарып жүрген жанашыр азаматтары Аушанов Əби, Құланбаев Əбілхан, Бүрлібаев Амандық жəне Арыстанов Бекарыс ағаларымыз. Себебі, казіргі уақытта діни экстремизм мен террористік жағдайлар елімізде əсіресе жастар арасында көптеп орын алуда. Жастарымыз бөтен діннің жетегінде кетіп, ақыр соңында қайғылы жағдайлар орын алуда. Осындай жағдайларды болдырмау үшін жастардың діни сауаттылығын арттырып, еліне, халқына адал қызмет жасайтын азаматтар етіп тəрбиелеу. Бұл ұсынысты Тұрмағамбет ЖШС директоры Пірмантаев Нұржан ағамыз да мақұлдап шаруашылық есебінен ұстазға 50 мың теңге айлық жалақы төлейтін болды жəне алдағы уақытта атқарған қызметіне қарай үй-жайы, жалақысы да көтерілетін болады деген пікірін айтты. Басқосуға шақырылған ауыл ақсақалдары бұл жұмыстың ауыл жастарының келешегі үшін маңызы зор екендігіне тоқталып, үйымдастырған азаматтарға алғыс білдірді. Соңында ауыл имамы "Акбар қажы" Алдашбаев Минвар əкеміз жас ұстазға ақ батасын берді.
14 мамыр 2018 ж. 1 965 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№37 (10505)

19 мамыр 2026 ж.

№36 (10504)

16 мамыр 2026 ж.

№35 (10503)

13 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 132
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 715

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031