» » Мешіт – имандылық ұясы

Мешіт – имандылық ұясы

qarmaqshy-tany.kz Мешіт – күллі мұсылмандардың Раббысына құлшылық жасап, ғибадат ететін киелі орын. Сондайақ, мешіт құлшылық орны ғана емес, ол – руханият ордасы, діни сауат ашатын, дүние есігін ашқан сәбилерге азан шақырып ат қоятын, отау құрған жұбайлардың ақ некесін қиятын, бұл дүниеден өткен жандарға Құран оқып, дұға бағышталатын, мұқтаж жандарға мейірім, рухани көмек көрсететін орын. Сондықтан болар, мешітке кірген әрбір мұсылман өздерін Раббысының үйіне келгендей, мейірім құшағына енгендей сезінеді.

Қазіргі таңда әлемде сантүрлі көркем мешіттер бой көтерген. Сондай-ақ, Қазақстанда да мешіттер уақыт өте келе көптеп салынуда. Соның ішінде, елордамызда салынған «Әзірет Сұлтан» мешіті Орта Азия елдері ішіндегі ең ірі мешіттер қатарына жатады. Сыйымдылығы он мың адамды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, еліміздегі ең көне мешіт Тараз өңірінде орналасқан екен. Бұл мешіт біздің заманымыздың VII ғасырына жатады. Тұрғызылғанына XIV ғасыр толса да, қазірде мешіт өз қалпын сақтаған күйі тарихи орынға айналған. Мешіт Орталық Азиядағы ең ірі мешіт атанды және әлемдегі ең үлкен мешіттердің ондығына кірді. Сыйымдылығы шамамен екі жүз мың адамды құрайды.

Қазірде мұндай үлкен көлемді мешіттер елімізге керек-ақ. Осы ретте еліміздегі мешіт тапшылығы жайлы айта кетпесек болмас. Қазір елімізде 2700-ге жуық мешіт бар. Оның көбі елу адамдық, жүз адамдық шағын ауылдық, аудандық мешіттер. Қазір халық саны 20 млн-ға жуықтады. Оның 70 пайызы мұсылмандар делік. Бір мешітке шамамен 1600-дей адам барады десек, бізге кемінде 7500 мешіт қажет. Бұл қазіргі еліміздегі мешіттер санынан 3 есе көп. Қарапайым мысал, Алматы қаласының өзінде 2 млн-дай халық бар. Олардың 500-мыңы мұсылман делік, демек халықаралық норма бойынша мұнда 300-ден аса мешіт болуы қажет. Ал қазіргі Алматы қаласында бар болғаны 53 ғана мешіт. Осылай, біздің елде мешіт тапшылығы айқын білінеді. Мешіттің қоғамда атқаратын рөлі жоғары. Мешіт – қоғамдағы иманның ұялаған орны, рухани тәрбие ордасы. Еліміз, халқымыз азып-тозбасын десек, руханият ордасын көбейтейік.
Жасмин ПЕРМЕТАЙ,
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық
университетінің 2 курс студенті
23 тамыз 2023 ж. 373 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 311

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 410

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930