» » Мүлікті рәсімдеу деректері

Мүлікті рәсімдеу деректері

Елімізде қолға алынып жатқан жалпыға ортақ декларациялау аясында шенеунік­тер мен кәсіпкерлердің атындағы мүлікті рәсімдеу деректері де тексерілмек. Бұл туралы Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев журналистердің сауалына жауап беру кезінде айтты.

«Бізде жалпыға ортақ декларациялау бірнеше кезеңде жүзеге асады. Ол 2025 жылы толық аяқталады. Біз сол дұрыс болады деп шештік. Өйткені мемлекеттік қызметшілердің туыстары бар. Қандай да бір мүлік дұрыс рәсімделмеген шығар. Мұның бәрін 2025 жылы анықтаймыз. Жалпы, жағдай белгілі болады. Кімде қандай мүлік жазылғанын білеміз», деді министр.
Оның айтуынша, мүлікті рәсімдеу деректері мемлекеттік қызметшілерге де, кәсіпкерлерге де қатысты бірдей жүргізілмек. Сондай-ақ ол жалпыға ортақ деларациялау рәсімдері үрдісі толық жолға қойылғаннан кейін өз мүлкін декларацияламайтын және салық төлемейтін адамдарға тиісті шара қолданылатынын жеткізді.
Айта кетейік, таяу күндері нормативтік-құқықтық актілер порталында жарияланған Үкімет қаулысында «Қайтарылған активтерді басқару жөніндегі компания» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құрылатыны белгілі болған еді.
«Жарғы капиталында мемлекеттің жүз пайыз қатысуымен «Қайтарылған активтерді басқару жөніндегі компания» жауапкерші­лігі шектеулі серіктестігі құрылсын. «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» заңда және Қазақстан Республикасының басқа да заңдарында, нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен қайтарылған активтерді басқару, сақталуын қамтамасыз ету, өткізу серіктестіктің негізгі мақсаттары болып айқындалсын. Серіктестіктің жарғылық кап­и­талы осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қаржы министрлігінің мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің теңгеріміндегі мүлікті беру жолымен қалыптастырылсын», делінген ашық қаулыда.
Басқарушы компанияның міндеттері – мемлекетке қайтарылған активтерді оның атынан меншігіне қабылдау, мемлекет кірісіне айналдырылған активтердің сақталуын және ұсталуын қамтамасыз ету, активтерге билік ету, активтерді өткізуден түскен қаражатты арнаулы мемлекеттік қорға аударуды қамтамасыз ету.
egemen.kz
02 тамыз 2023 ж. 328 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 382
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 173

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930