» » Жазғы шомылу маусымында қауіпсіздікті сақтайық!

Жазғы шомылу маусымында қауіпсіздікті сақтайық!


qarmaqshy-tany.kz Адамдардың суға бататын басым көпшілігі Жосалы кентінің маңынан өтетін Сырдария өзені мен Байқоңыр қаласының маңы болып отыр. Сол себептен негізгі жұмыстар осы аймақтарға басты назар аударылып жүргізілуде. Рейд жүргізу барысында аудандық Полиция бөлімінің қызметкерлерімен ҚР ӘҚБтК-нің көзделген бабына сәйкес жеке тұлғаға ескерту, әкімшілік құқық бұзушылық шаралары көрілуде.
Жосалы кент әкімшілігімен бірлесіп, суға түсуге қауіпті аймақтарға, атап айтқанда:
Сырдария өзенінің үстінен өтетін көпірдің астына;
Амангелді көшесінің аяғындағы су айдау насосының жанына және Рысқұлов көшесінің аяғындағы су айдау насосының жанына «Суға түсуге қауіпті аймақ» деген жазулары бар ескертпе тақтайшалары және елді мекендерде ескертпе тақтайшалар мен билбордтар орнатылды.
Жазғы суға шомылу маусымында ересектер мен балалардың суда қаза болуының алдын алу және болдырмау мақсатында аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі, Қармақшы ауданы №10 және Байқоңыр қаласы №8 өрт сөндіру бөлімдерінің қызметкерлері, Жастар ресурстық орталығының еріктілері, аудандық Полиция бөлімінің қызметкерлері мен жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп күнделікті сағат 13:00-ден 21:00–ге дейін адамдардың белгіленбеген орындарда суға шомылуға қатаң тыйым салынатындығы және ішімдік ішіп мас күйінде шомылуға болмайтындығы жөнінде түсіндіріліп рейдтер жүргізілуде.
Осы орайда Сіз немесе жақындарыңыз бақытсыз жағдайға тап болғанда, яғни суға бату оқиғасы кезінде 101 немесе 112 құтқару нөміріне хабарласыңыз.

Қармақшы ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі

28 шілде 2023 ж. 417 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 263

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 362

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930