» » «Рульде ұйықтау» өңірлік акцясы өтуде

«Рульде ұйықтау» өңірлік акцясы өтуде

Қазақстан Республикасының ІІМ-нің нұсқауына сәйкес, жолдардағы қалыптасқан жағдайларды ескере отырып, апаттылық деңгейін және олардың зардаптарының ауырлығын төмендетіу, жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында ағымдағы жылдың 1 – 31 шілде аралығында аудан көлемінде «Рульде ұйықтау» өңірлік акциясы өтуде.
Патрульдік нарядтар медицина қызметкерлерімен бірлесіп республикалық және облыстық маңызы бар автожолдарда жүргізушілерді шамадан тыс шаршау дәрежесін тексереді. Жүргізушінің шаршауы немесе ұйқының салдарынан қалғып кетуі – мас жүргізушімен салыстыруға болатындай үлкен қауіп. Егер сіз ұйықтау қажеттілігін сезсеңіз, ұйықтап алғандығыңыз абзал. Есіңізде болсын, сіз мұны өзіңіз үшін ғана емес, басқа жол қозғалысы қатысушыларының қауіпсіздігі үшін де жасайсыз.
«Жолда ұзақ уақыт бойы көлік тізгіндеген жүргізушіде, ең алдымен, реакциясы нашарлайды, жылдамдық сезімі жоғалады, көздің өткірлігі бұзылады. Яғни, жұмыстан шаршаған немесе ұйқы қанбаған күйде оның зейіні төмендейді», - деп санайды патрульдік полиция қызметкерлері.
Ұйқының күшіне немқұрайлы қарамаңыз. Адамның көлік жүргізу кезінде ұйықтап кетуі күтпеген жерден болады. Ұйқының бірнеше секундының нәтижесі қайғылы жағдайға әкеліп соғуы мүмкін.

Профилактикалық жұмыстар 31 шілдеге дейін жалғасады, осыған байланысты патрульдік полиция қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне тұсіністікпен қарауды сұраймыз.
Қармақшы ауданы полиция бөлімінің
Жергілікті полиция қызметі бөлімшесі
13 шілде 2023 ж. 663 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 382
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 174

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930