» » Қазақстан құрамасы Париждегі Паралимпиада ойындарына жолдама алды

Қазақстан құрамасы Париждегі Паралимпиада ойындарына жолдама алды

Кеше отырып ойнайтын волейболдан Азия чемпионатының жартылай финалында Қазақстан құрамасы Қытай командасын 3:2 есебімен жеңіп, келесі жылы Парижде өтетін Паралимпиада ойындарына жолдама алды. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов Telegram каналында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Құрлық біріншілігінің финалдық ойыны 8 шілде күні сағат 16.30-да өтеді. Қазақстан құрамасы Ираннан келген волейболшыларға қарсы алтын медаль мен Азия чемпионы атағы үшін өнер көрсетеді. Кездесу Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді.

- Естеріңізге сала кетейін, соңғы рет параволейболдан Қазақстан құрамасы 1996 жылы Паралимпиада ойындарында өнер көрсеткен болатын. Парижде өтетін ойындарға жолдаманы Азия құрлығының 7 үздік ерлер командасы сарапқа салды, - деп жазды министр Telegram каналында.
08 шілде 2023 ж. 536 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

№81 (10549)

24 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 268
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 423

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30