» » Қуаңшылықтың қауіп бар ма?

Қуаңшылықтың қауіп бар ма?

Қазгидрометтің мәлемдеуінше, биылғы жаз ыстық болады. Синоптиктер мұның салдарынан еліміздің 5 өңірде қуаңшылық болады деп дабыл қағып жатыр. Бұл тек біздің ғана емес, жаһан жұртының жанына батып жатқан мәселе.

Иә, жаз маусымы басталысымен ел экономикасының қомақты бөлігін құрайтын ауыл шаруашылығы мамандарын, егіс өнімінің қайтарымына қараған бейнеткеш қауымды алаңдататын да осы – қуаңшылық, құрғақшылық. Мамыр жаңбырсыз болды. Керісінше осы айда ауа температурасының рекордтық көрсеткіші тіркелген екен. «Қыстағы қар – жерге ырыс, жердегі ылғал – елге ырыс» демей ме?!  Қыста қар аз жауды, жерге де ылғал сіңбеді. Сондықтан бүгінде дала төсі жауын-шашынды қажет етіп тұр.
Жаздың алғашқы айы аяқталуға жақын. Алда әлі екі ай уақыт бар. Аптап ыстық енді басталады. Ал күн ысыса құрғақшылық қаупі қылаң береді. Қуаңшылықты осыдан 2-3 жыл бұрын ғана басымыздан өткіздік. Салдары мен зиянын да жақсы білеміз. Биыл қуаңшылық қаупі төнген аймақтар қатарында Ақтөбе, Қостанай, Қызылорда, Ақмола, Қарағанды облысы бар. Оның ішінде біздің аудан қауіпті сары деңгейін көрсетуде.


Ауа райын болжау орталығының деректері бойынша, мамырда жауын-шашын шамамен 13,1 және 15,1 миллиметр көлемінде ғана болған. Дей тұра «Қазгидромет» РМК-тің ұзақ мерзімді болжамдары бойынша маусымның аяғы, шілде, тамыз айларында орташа  жылдық мөлшердегі жауын жауып, бұл жағдай егіс алқаптары мен шабындықтардың жағдайын жақсартуға оң әсерін бермек.


– Көрсеткіштер күн сайын жаңарып отырады. Жаз ортасына қарай жауын-шашын жылдағы мөлшерде болса, табиғатына орай жаңадан шығатын өсімдіктер сол уақытта бой көтеретін дақылдар егіс алқабынан қажетті өнім жинап алуға, шөп шабу науқанын ойдағыдай өткізуге мүмкіндік береді деген сенім бар, – дейді басқарма мамандары. Жалпы ел аумағының 85%-і ауыл шаруашылығы мақсатында пайдалануға қолайлы деп танылады. Ал қалған 15%-і тау-тас, өзен-көл, шөл-шөлейт жерлер қатарында. Біз дүние жүзіндегі 200-ге жуық мемлекеттің ішінде аграрлық алқабы бай елдердің бірегейміз. Дей тұра елімізде 180 млн гектар жердің 60-70%-і қуаңшылыққа бейім. Оның ішінде Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда облыстары бар.

«...Ежелден мал баққан елміз» демекші, халқымыздың атакәсібі – мал шаруашылығы. Ал қуаңшылық пен құрғақшылықтың табиғатқа, адамзатқа келтірер залалы алдымен ауыл тұрғындарына салмақ салатыны белгілі. Егіс күткендей өнім бермейді, жергілікті жем-шөп қоры жасақталмайды, жайылым жері сұйық болған соң мал да ет алмайды.


Сыр елінің негізі күріш егумен айналысады. Өңіріміз бірнеше жыл қатарынан су тапшылығымен күресіп келеді. Бүгінде сумен қамтамасыз ету үшін көршілес елдермен тиісті мекемелер жұмыс істеуде. «Қамдансаң, қапы қалмайсың» дегендей, мамандар бұл мәселені тұрақты, тыңғылықты бақылауда ұдайы ұстап отырғаны артық етпейді.  Қалай дегенде де , қуаңшылыққа қамсыз болмаған жөн. Иә, қуаңшылық құтымызды қашырмаса игі.


Ақнұр САҒЫНТАЙ
01 шілде 2023 ж. 334 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 315

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 413

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930