» » Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ

Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алған кезден бастап сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті мемлекеттің бірінші кезектегі міндеті етіп қойып, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы курес  туралы» Заңды қабылдап, онда мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиялық саясаты белгіленген болатын.
Сыбайлас жемқорлық – жағымсыз әсерімен дүние жүзінің барлық мемлекеттеріне де таныс, қоғамымыздың ең басты қауіп-қатерлерінің бірі. Сондықтан да оның алдын алу мақсатында елімізде көптеген іс-шаралар жасалуда. Алайда, жемқорлықпен күрес барысы күн сайын қарқын алып келеді дегенімізбен, жегі құртқа айналған осы бір қатерлі дерттен бойын аулақ ұстағысы келмейтіндердің қатары да уақыт өткен сайын көбейе түсуде. Қоғамымыздың барлық саласына дендеп еніп бара жатқан жемқорлықтың жолына батыл тосқауыл қойып, олардың зардаптарын жою және мүдделілерді жауапқа тарту бүгінгі күннің ең басты міндеттерінің бірі.
Сыбайластықты болдырмаудың басты бағыттарының бірі-халыққа көрсетілетін қызмет сапасын мейлінше арттыру, бүкіләлемдік стандарттарға жеткізу. Бұл барлық мемлекеттік органдарға тән құбылыс. Яғни, сапасыз қызмет сыбайластыққа алып келуге тікелей бағыттайтын жол екендігі түсінікті болуы қажет.   
Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлықтың ауқымы мен салдарын нақты бағалап, осы қауіпті құбылыспен қатаң және шешуші түрде ымырасыз әрі жан жақты жоспарлы күрес жүргізуді басты мақсат етіп отыр.       
Ағымдағы жылға Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Заңының орындалуы мақсатында «Қармақшы аудандық архиві» филиалында іс-шаралар жоспары бекітіліп, оның орындалуы басшылық тарапынан қатаң бақылануда.     

                                                                 «Қармақшы аудандық архиві» филиалының 
                                                                                                  архивисті А.Мешітбаева
 
19 маусым 2023 ж. 359 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 069
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 729

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031