» » Ата-анамен жұмыс тұрақты

Ата-анамен жұмыс тұрақты

qarmaqshy-tany.kz Үсен Томанов атындағы №183 орта мектеп әкімшілігінің ұйымдастыруымен мектеп шәкірттерінің ата-аналарына арналған «Ашық есік» күні өтті.
Алдымен шараға қатысушы ата-аналар мектеп асханасында болып, онда оқушыларға берілетін тамақтың түрімен, сапасымен танысқан соң, әрі қарай пән мұғалімдері Айнұр Қайруллаева мен Гүлназ Нұрланқызының ұйымдастыруымен өткен «Жастыққа толы жүрекпен» атты тренингке қатысып, тақырып аясында туындаған сауалдар бойынша ұсыныспікірлерін зерделеді.

Содан соң олар 1 сыныптың жетекшісі Жадыра Байжанованың «Нұр көктем, гүл көктем» атты сыныптан тыс жұмысына қатысып, өткізілген сабаққа өз бағаларын беріп, ойларын ортаға салды. Әрі қарай 11 сынып жетекшісі Дина Әбжалиева мен мектеп психологі Гүлнар Бүркітбаеваның оқушыларды ҰБТ-ға дайындауда ата-аналардың рөлін қалай арттыруға болады?» тақырыбы бойынша пікір алмасты.
Шара барысында мектептің әлеуметтік педагогы Гүлнар Сырымбетова ата-аналарға «Мектеп оқушыларының дұрыс тамақтануы» тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, жадынама таратса, 5 сыныптың жетекшісі Гүлсінай Мұсаханова «Баланың бас ұстазы – атаана» атты тәрбие сағатын өткізді.

Сондай-ақ, ата-аналар «Мектеп Парламенті» білім алушыларының «Өзін-өзі басқару» ұйымының президенті Диас Төлегеновтің бастауымен «Табиғат – ғажайып әлем» тақырыбындағы «Жасыл мектеп» жобасына саяхат жасады. Келесі кезекте оқушыларды қолөнерге баулу арқылы олардың шеберлігін дамыту мақсатында технология пәнінің мұғалімі Әлия Жанқожаеваның «Өнерліге – өріс кең» атты оқушылардың шығармашылығымен таныстыруы ата-аналарды ерекше әсерге бөледі.

«Ашық есік» күнінде ата-аналар мектеп кітапханашысы Жұпаркүл Құсайынованың ұйымдастыруымен қазақ ақындарының өнегелі өмір жолдарын насихаттауға арналған оқуға құштар мектеп жобасы аясында «Оқыған бір кітабым» тақырыбындағы шараға қатысты. Онда мектеп оқушылары Олжас Сүлейменов пен Аяулым Әнуарбекова, Ақбота Әбдірахманова, Айназым Кеңшіліктің, басқа да ақынжанды оқушылардың қазақ ақындарының шығармаларын жатқа айтқанына назар қойып, ризашылықтарын білдірді.

Тағылымы мол, тәрбиелік мәні зор шараны мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Гүлмира Жақпанова қорытындылап, мектепте білім алатын шәкірттерге көрсетіліп жатқан қолдаулар жайында айтты.

Нұр ЖАН
16 сәуір 2023 ж. 303 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 331

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 420

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930