» » Сергектік сенімділікті арттырады

Сергектік сенімділікті арттырады

qarmaqshy-tany.kz «ШЫНЫҚСАҢ – ШЫМЫР БОЛАСЫҢ» ДЕМЕКШІ, ДЕНЕ ЖАТТЫҒУЫ АДАМ БАЛАСЫНА ҚАШАН ДА ПАЙДАЛЫ. КҮНІ БОЙЫ ӨЗІҢДІ СЕРГЕК СЕЗІНІП ЖҮРУДІҢ ДЕ БІР ТӘСІЛІ – СПОРТ. ҒАЛЫМДАР ЗЕРТТЕУІНЕ СҮЙЕНЕР БОЛСАҚ, СПОРТ АДАМДЫ ШАТШАДЫМАН ӨМІР СҮРУГЕ ДЕ ЖЕТЕЛЕЙДІ ЕКЕН.

Олимпиадалық қозғалыстың белсендi қайраткерi Пьер де Кубертен: «О, спорт! Сен – түгел ғаламсың», – деп бекер тұжырым жасамаған. Күніне кем дегенде 20 минут дене жаттығуымен шұғылданған адам сергек, көңілді әрі өзіне сенімділігін арттыратыны белгілі. Дене жаттығулары адамның көңіл-күйін ғана көтеріп қоймайды, қан айналымы жүйесін жақсартады. Қан қысымы мен жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алады.
Спорттың адам өмірі үшін маңызын бұдан әрі айта түсу артығырақ секілді. Бірақ, алдымен «Спортпен шұғылдануға уақыт табылмай жүр» деген сылтаудан құтылған абзал. Ол үшін не істеу керек? Күніне дене жаттығуымен айналысуды да ұмыт қалдырып кететін кездеріңіз болмайды емес, болады. Ендеше, дене жаттығуларымен шұғылдануды қалай әдетке айналдыруға болады?
Біріншіден, дене жаттығуы кезінде киетін спорттық киімдеріңізді жатар алдында дайындап жатыңыз. Ұмытпас үшін, оятқышыңызды сол киімдердің үстіне қойыңыз. Өйткені, таңертең оянғанда оятқышпен қатар немен айналысатыныңызды да есіңізге түсіретін боласыз. Бастысы, осылайша таңғы жаттығуды әдетке айналдырып алсаңыз ғажап болары сөзсіз.
Екіншіден, барлығын аз жаттығудан бастаңыз. Тіпті, аптасына 3 рет 5 минуттан-ақ дене жаттығуларымен шұғылданып жүріңіз. Тапсырма оңай, әрине. Бірақ, бастапқыда өзіңізді қинамауыңыз қажет. Алға ә дегеннен жоғары мақсат қоюға талпынбаңыз. Өйткені, өзіңіздің спортпен шұғылдануға деген ерік-жігеріңізді жоғалтып алуыңыз мүмкін.
Үшіншіден, адам – әлеуметтік жаратылыс. Қарымқатынассыз өмір сүруді елестету мүмкін емес. Әлбетте отбасыңызбен табиғатқа шығудың, достарыңызбен белгілі бір спорт түрімен шұғылданудың, кейде бір ауық жүгіріп тұруды да әдетке айналдырғанның зияны жоқ.
Төртіншіден, үйдегі қарапайым шаруаларды жаттығу жұмыстарымен үйлестіріңіз. Мысалы, таймерді 20 минутқа қойып, жұмысыңызды бастаңыз. Қарапайым шаруаларды аса жылдам орындау – жақсы нәтиже береді.
Бесіншіден, жаттығу жұмыстарын жоспарлай біліңіз. Маңызды кездесуіңіз болса, онда ұмытпайсыз, дұрыс па? Ал маңызды шаруаны? Оны да ұмытпайсыз. Сол сияқты дене жаттығуларын да жоспарыңызға енгізіп үйреніңіз. Қажетті жаттығуларды жоспарлай біліңіз.
Алтыншыдан, өзіңізге ұнайтын жаттығуларды таңдап алғанның да маңызы жоғары. Өйткені, алғашында адам өз қалауымен бастаған жаттығулар уақыт өте келе жемісін беретін болады.
Иә, күнделікті өмірде спортты сүйетін жандар көп. Әркімнің санасындағы спорт ұғымы – сан алуан. Көпшілікті ұлты мен жеріне, тілі мен дініне бөлмей өзіне ынтызар етер спорт құдіреті жоғары. Бәріміз білетіндей, ол – денсаулық кепілі. Бастысы, талғампаз өнерге шексіз беріліп, адалдық танытсаңыз берері мол – сиқырлы әлем.
Руслан ЖҰМАБЕКҰЛЫ,
№15 олимпиадалық резервтің мамандандырылған
балалар-жасөспірімдер мектебінің әдіскері
10 сәуір 2023 ж. 635 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 336

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 421

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930