» » "Семей полигоны-тарихтың қасіретті беттері"

"Семей полигоны-тарихтың қасіретті беттері"

qarmaqshy-tany.kz Тұрмағамбет ауылдық кітапханасында "Семей полигоны-тарихтың қасіретті беттері" атты Семей қасіретіне байланысты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
КСРО, АҚШ және Ұлыбритания елдерінің келісіміне сәйкес, атмосферада, ғарыш кеңістігінде және су астында сынақтар өткізуге тыйым салынып, сынақтар жер астындағы жарылыстар түрінде өткізіле бастады. Мұны жүзеге асыру үшін полигоннан 100 км қашықтықта орналасқан Дегелең тау тізбегі қолданылып, бұл жерде 223 ядролық заряд жарылды. Ресми мәліметтер бойынша, миллионға жуық адам радиациядан зардап шеккен. Семей облысы экологиялық апат аймағына айналды. Сынақ орнына жақын елді мекендерде қалқанша безінің қатерлі ісіктері, гемабластома, лейкемия, лимфома және созылмалы лейкемия аурулары жиі кездесті. Дәрігерлерге бұл ауруларды радиацияның әсерімен байланыстыруға тыйым салынды. 1950 жылдан бастап, нәрестелер өлімі 5-10 есе көбейді. Өмір сүру ұзақтығы 3-4 жылға қысқарды. Ал, полигон айналасындағы ауылдарда мутант балалар дүниеге келе бастады. 1989 жылы 12 ақпанда кезекті жарылыстан кейін антиядролық қозғалыс құрылып, оны ақын және қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов басқарды. Семейде, Алматыда, Мәскеуде және т.б. қалаларда митингілер мен наразылық акциялары өтіп, үкіметтен полигонды жабу талап етілді. Нәтижесінде, Қазақстан жерінде ядролық сынақтар тоқтатылып, 1991 жылғы 29 тамыздағы Президенттің Жарлығымен Семей ядролық полигоны жабылды.
28 ақпан 2023 ж. 632 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 350

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 431

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930