» » Студенттермен кездесті

Студенттермен кездесті

qarmaqshy-tany.kz Өткен апта барысында Қармақшы Аудандық Орталық Аурухананың салауатты өмір салтын қалыптастыру кабинетінің, жастар денсаулығы орталығының мамандары Әмина Кетебаева, Дариха Құлмырзаева, Мереке Бекова, Жастар Ресурстық Орталығы Қармақшы басшысы Нұржұман Пірназаров, Қармақшы Ауданының Полиция Бөлімінің ӘЗЗҚ тобының жетекшісі, полиция капитаны А.Касимова, ювеналдық полиция тобының жетекшісі майор Г.Исмайловалар кенттегі Қармақшы Аграрлы-техникалық Колледж Қармақшы студенттерімен кездесті.
Жастар арасындағы тәртіп, құқықбұзушылықтың алдын алу, отбасындағы құндылықтар мен үйлесімділікті нығайту, салауатты ұрпақ болуды насихаттау бойынша іс-шара ұйымдастырылды.
Шарада әр саладан сөз алған мамандар қоғамдағы жастар арасында орын алып жатқан мәселерерге тоқталып,өз құқықтарын үйретіп,өз орнын біліп,өз бағасын түсірмеуді, қоғамға пайдалы болуды,өз мақсаттарын айқындап,соған жетудің жолдарын қарастыруды,білімді жетілдіруді, жастық шақ - ең бақытты кезең екенін,сол шақты болашаққа инвестиция құюға пайдаланудың маңызын түсіндірді.
Тақырыпқа сай жадынамалар таратылып, тренингтер жасалды.Кері байланыстар барысында жастар өз ойларын ортаға салып,сұрақтарына тұщымды жауаптар алды.
Ертең - бүгіннен басталады.
"Бір күндігіңді ойласаң,егін ек.
Он жылдығыңды ойласаң,ағаш ек.
Жүз жылдығыңды ойласаң, ұрпақ тәрбиеле!" деген атам қазақ.
Ұрпақ тәрбиесі - алдымен ата-ананың, сосын бүкіл қоғамның міндетінде.
Егер де тәрбиесіз жастар көрсек,"оған бәріміз де жауаптымыз, біздің де кінәміз бар" деп ұғынсақ,әр қазақ жалғызым деп жанымыз ашыса, онда біздің нағыз отансүйгіштік қасиетіміздің болғаны! Онда біз мәңгілік мемлекеттің ұрпағымыз!
Бар болайық,достар!
Біз - жұмылған жұдырықтай күшпіз!
20 ақпан 2023 ж. 418 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 388
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 179

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930