Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту
qarmaqshy-tany.kz Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту бағытында дөңгелек үстел отырысы өтті. Онда жоғары сынып оқушыларының пікірлері тыңдалды. Әр оқушы өздерінің ойларын ашық айтып, жемқорлықтың жақсылыққа әкелмейтінін жеткізді. Дөңгелек үстел, эссе, таным сағатында, бейнероликтерден сыбайластықтың опасыз екенін түсіндім. Мен жақында құқық пәнінен өткен олимпиададан ІІ орын иелендім.
Сыбайлас жемқорлықты бала кезден жат әдеп екенін түсінген жөн. Біреудің ала жібін аттамауды балаға жиі айтқан дұрыс. Қазіргі бала елдің ертеңгі болашағы. Өз жеріне, еліне адал қызмет ететін жаңа Қазақстанды жемқорлықсыз әділ қоғам болғанда құра алады. Бала кезден өтірік айтпаса, еңбекке жақын болса жемқорлыққа өскенде бармайды.
Сыбайлас жемқорлықсыз қоғамды құруда отбасынан алатын тәрбиенің маңызы зор. Бала көлеңкең, отбасында сыбайластықтың зиянын біліп-түсініп өссе, келешекте таза әділ жемқорлықты сүймейтін азамат болары айқын.
Өткен дөңгелек үстел отырысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет дегенді адамның саналы адамгершілікпен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру қабілеті екенін терең түсіндік.
Әрбір өскелең ұрпақтың жастайынан құқықтық санасы мен мәдениетін қалыптастыру, отансүйгіштік бағыттағы құндылықтар негізінде тәрбиелеу орынды.
Мектеп оқушыларына сыбай- лас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда қоғам игілігіне сыбайлас жемқорлықтың зияны туралы айтып, өз еліңе адал қызмет жасау маңызды деген сөздерді айтып отырса, оқушылар жемқорлықтың жаман екенін біліп өседі. Болашақта сыбайлас жемқорлықты жоюға, онымен күресуге дайын болады.
Алайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет дегеніміз – жемқорлыққа қарсы белсенді азаматтық ұстаным болмақ.
Гүлсезім БҰХАРБАЕВА,
мектеп оқушысы, Тұрмағамбет ауылы