» » Ата-анамен байланыс

Ата-анамен байланыс

qarmaqshy-tany.kz Ауданымыздағы Қармақшы Аграрлы-техникалық Колледж Қармақшы студенттерімен және ата-аналарымен Қармақшы Ауданы Қоғамдық Келісім қызметкері Нұргүл Айтбаева, колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айгүл Сүлейменова, жастар денсаулығы орталығы және емхана мамандары Мереке Бекова, аудандық аналар кеңесінің мүшесі Әмина Кетебаева, салауатты өмір салтын қалыптастыру кабинетінің маманы Дариха Құлмырзаевалар бірігіп, жастарға қатысты тәрбие, құқық, зиянды әдеттерден сақтандыру, мәнді өмір, отбасы құндылықтары және ата-анамен байланыс тақырыптарында кездесу өткізді. Кездесу барысында мамандар өз салалары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Ата-анамен,жастармен кері байланыстар орнап, NEET санатындағы жастарды болдырмаудың жолдарын талқыланды. Жастарды бос уақытын әлеуметтік желілерде емес,отбасына көңіл бөліп, көмек көрсетсуге шақырды. Мақсатымыз: жастарымыздың осы кездерде көп белең алып жатқан нашақорлық,құқық бұзушылық,ерте жүктілік,тәрбиесіздіктерден аулақ боп, оның есесіне қоғамдық жұмыстарға белсене араласса, өздерін дамытуда түрлі шығармашылықтарын арттыратын үйірмелерге қатысса,спортпен шұғылданса, интеллектуалдық жетістіктерге жетсе,өз психологиясымен (өзін танумен, дамытумен) айналысса, үлкенді сыйлап, кішіге үлгі бола білсе, келешегіміз кемелденетінін жеткізу.
Шара барысында бейнероликтер көрсетіліп,АТМдар таратылды. Тренингтер жасалып, ата-аналар да, студенттер де өздерінің белсенділіктерін танытты. Жылы лебіздерін білдіріп,алғыстарын айтты.
Барымызды бағалап, әр сәтте бақытты сезіну, өзімізге сенімді болу - өз ойымыздан,өз мақсаттарымыздан. Ол біздің жастарымыздың қолынан келеді. Ата-ана үміті осы жастарымызда.
19 ақпан 2023 ж. 476 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 393
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 184

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930