» » Сейілмеген сел қаупі

Сейілмеген сел қаупі

qarmaqshy-tany.kz Су басқан үйлер. Шулаған жұрт. Шұбырған мал. Қираған қора-қопсы. Ауласын су шайған жұрттың көңілі алаң. Бұл тасқынның салған тірі әлегі.
Алматы мен Жамбыл облыстарында күн күрт жылып, елді мекендерді су басу қаупі төнген. Құтқарушылар күні бойы еріген қар суының бағытын бұрып, 5 ауылды су басудан сақтап қалған. Екі аймаққа төтенше жағдай қызметіне қарайтын 200 маман мен 45 техника жұмылдырылды. Түркістан облысында да құтқарушылар су тасқынымен апта бойы арпалысқан еді. Қазіргі уақытта жағдай тұрақтала бастаған. Осыған орай Сырдария, Арыс, Бөген өзендерінде 14 су бекеті жұмыс істеп отыр.
Ауа-райының күрт жылуы әсерінен қар еріп, жауын- шашынның мол түсуінен көрші Түркістан облысының Кентау, Түркістан қалалары мен Бәйдібек, Ордабасы, Сауран аудандарының бірқатар ауылдарындағы аулалар мен көшелерін су басты.
Иә, оңтүстік өңірлерде көктем ерте келіп жатыр. Соның салдарынан жердің тоңы жібіп үлгерген жоқ. Сондай-ақ, жауын-шашын да бұл өңірлерде өте көп болды. Мысалы бір күннің ішінде Түркістан облысында 10 күндік жауын-шашын мөлшерінде жауған. Әрине, мұның зияны сай-сайдан, бөктерден келген су аққан тасқынға алып келді. Жағдайды ушықтырған тағы бір жайт ауыл сыртындағы арықтардың болмауы. Бұл өңірде 234 үйдің ауласына су кірген, мектеп пен бір үйді су басқан. Шұғыл атқарылған іс-шаралардың нәтижесінде 42 елді мекенде су басу қаупінің алдын алды.
«Қазгидромет» синоптиктері су тасқынының алдын ала болжамын жариялады. «Ақпанда температуралық фон жоғарылап, қатты жаңбыр жауған жағдайда, Қазақстанның оңтүстігі, оңтүстік-шығысы мен шығысындағы тау өзендерінде еріген қар және жаңбыр суының ауқымды тасқыны болуы мүмкін. Алайда, қыс аяқталған жоқ және соған сәйкес қардың жинақталу кезеңі де жалғасып жатыр (көпжылдық бақылауларға сәйкес, көктемалды кезеңде тәулік ішінде бір айлық мөлшердегі жауын-шашын жаууы мүмкін)» делінген хабарламада.
Біздегі ахуал қалай?
Қызылорда қаласы мен барлық аудан әкімдіктеріне және жауапты мекемелерге төтенше жағдайдың алдын алуға тиісті тапсырмалар берілді. Жағдай тұрақты бақылауда. Су тасқынының алдын алу мақсатында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың тапсырмасына сәйкес арнайы штаб құрылып, 2 ай көлемінде жұмыс істеуде. Су тасқынына қарсы материалдық-техникалық қорлар бойынша 141,9 тонна жанар-жағармай және басқа да қажетті құрал-жабдықтармен толық қамтылған.
Облыс аумағында Сырдария өзенінің бойында орналасқан стратегиялық маңызы бар Қызылорда, Айтек, Қазалы және Ақлақ су тораптары пайдалану ережесіне сәйкес транзиттік режимге көшірілді.
Облыста 29 су басу аймағы анықталып, оған 366 арнайы техника бірлігі және 1137 адамы бар 138 жауапты мекеме бекітілді. Су тасқынына қарсы іс-шараларды жүргізу үшін азаматтық қорғау қызметтерінің күштері мен құралдары дайындыққа келтірілді.
Су тасқыны кезеңінде халықты эвакуациялау үшін 64 жинақтау және 78 қабылдау пункттері дайындалған.
Облыстың барлық аумағында өзен бойында тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылуда. Сырдария өзеніндегі су деңгейін төмендету мақсатында магистральдық каналдар мен көлдер жүйелері арқылы су алу шаралары тұрақты жүргізілуде.
А.АХМЕТ

14 ақпан 2023 ж. 294 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№102 (10367)

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031