» » Жемқорлыққа қарсы күресу –әрбір азаматтың міндеті

Жемқорлыққа қарсы күресу –әрбір азаматтың міндеті

qarmaqshy-tany.kz «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiнен туындайтын қауiп-қатерден Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, олардың жолын кесу және ашу, олардың зардаптарын жою және кiнәлiлердi жауапқа тарту арқылы мемлекеттiк органдардың, мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын лауазымды және басқа да адамдардың, сондай-ақ оларға теңестiрiлген адамдардың тиiмдi қызметiн қамтамасыз етуге бағытталған және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң негiзгi принциптерiн айқындап, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың түрлерiн, сондай-ақ жауаптылықтың пайда болу жағдайларын белгiлейдi.
Осы Заң сол сияқты демократиялык негiздердi, мемлекеттi басқарудағы жариялылық пен бақылауды кеңейтуге халықтың мемлекет пен оның құрылымдарына деген сенiм нығайтуға, бiлiктi мамандарды мемлекеттiк қызметке кiруге ынталандыруға, мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын адамдардың риясыз адалдығы үшiн жағдайлар жасауға да бағытталған.
Қоғамдағы қауіпті індетке айналған сыбайлас жемқорлықпен күрес бүгінгі таңда аса өзектілігімен күн тәртібінен түспей отыр.
Аталмыш заң Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп қатерден еліміздің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған. Яғни, сыбайлас жемқорлықпен күресу әрбір мемлекеттік орган басшыларының, ел азаматтарының міндеті екендігі атап көрсетілген. Бұл заң аталмыш індеттің әлеуметтік теріс құбылыс ретіндегі ұғымы мен мазмұнын айқындап оған қарсы заңнаманың тұтастай бір жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік берді.
Соңғы жылдарда елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласында айтарлықтай құықтық бас қалыптастырылды. Тиісті-нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдау, жеңілдіктер мен үкіметтік емес ұйымдар арасында әлеуметтік мемлекеттік тапсырысты орналастыру түрінде азаматтық қоғам институттарын белсенді мемлекеттік қолдау сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте олардың қызметін жандандыра түседі.
Әрине, сыбайлас жемқорлық алып тастайтын сыртқы жара емес, бұл тамырын тереңге жайған, өзге сау органдарды шырмап, тыныс-тіршілігін тарылтатын қауіпті кесел. Ол үшін бұл ауруға қоғам болып қарсы тұруымыз қажет.
Әмір Телжан,                 
Қармақшы аудандық сотының бас маман сот-отырысының хатшысы 
08 ақпан 2023 ж. 536 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№88 (10456)

18 қараша 2025 ж.

№87 (10455)

15 қараша 2025 ж.

№86 (10454)

11 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 892
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 595

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930