» » Баспалдағы білімнің - бастауыштан басталған

Баспалдағы білімнің - бастауыштан басталған

qarmaqshy-tany.kz Білімнің сара жолы мектептен басталады, ал білімнің алғаш есігін ашатын кілті – бастауыш екенін барлығымыз білеміз. Ең алғаш әріп танып, оқуға, санауға, есептеуге үйреніп, білімге деген құмарлығымызды бастауыштан бастаймыз.
Осы орайда бүгін Т.Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лицейінде бастауыш сыныптар әдістемелік бірлестігінің ұйымдастыруымен «Баспалдағы білімнің-бастауыштан басталған» атты апталықтың ашылу салтанаты өтті. Апталық 23.01-31.01 қаңтар аралығына жоспарланды.
Апталықтың мақсаты: Жаңартылған білім беру жағдайында инновациялық ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, оқушылардың сыни ойлау қабілеттерін дамыту, оқу үдерісін жетілдірумен қатар, баланың шығармашылық, жас және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, рухани-адамгершілік, эмоционалдық және көңіл-күйлерін дамыта отырып, алған білімдерін өмірде қолдануға баулу.
Сондай-ақ шара барысында мұғалімдер мен оқушылар апталық аясында өткізілетін іс-шаралар мен ашық сабақтар жоспарымен таныстырылды.
Мектеп директоры Гүлжахан Жұмағалиқызы бірлестік мүшелері мен оқушыларға сәттілік тілеп, жоспарланған шараларға белсенді араласуға шақырды.

24 қаңтар 2023 ж. 1 717 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№81 (10549)

24 қазан 2026 ж.

№80 (10548)

20 қазан 2026 ж.

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 171
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 367

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031