» » Дәрігерлік кеңес берді

Дәрігерлік кеңес берді

qarmaqshy-tany.kz Ақжар ауылының №28 орта мектебінде 26-шы желтоқсан күні "Қызғалдақ" қыздар клубының жұмыс жоспарына сәйкес, ІІ оқу тоқсанының отырысы болып өтті. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша мектеп медбикесі жеке бас гигиенасын сақтау, қыс мезгілінде жылы киіну, вирустық аурулардың алдын алу, т.б жөнінде дәрігерлік кеңес берді. Педагог-психолог А.Айтмаханова жасөспірімдік кезеңдегі психологиялық өзгерістер мен мінез-құлық ерекшеліктерін түсіндіріп, мұндай кезеңде асығыс шешім қабылдамау қажеттігін жан-жақты түсіндірді. Клуб жетекшісі А.Ешпанова қыздар арасында мектеп формасының сақталуы, жеке бас тазалығын тексеру барысында анықталған кемшіліктерді жою керектігін тапсырды. Сонымен қатар, алдағы қысқы каникул уақытында таным көкжиегін кеңітетін, тұлғалық дамуға тәрбиелейтін кітаптарды оқуға бағыт берді. Қыздар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, ұсыныстар тыңдалды.
27 желтоқсан 2022 ж. 635 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№80 (10548)

20 қазан 2026 ж.

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 108
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 309

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031