» » Біздің балабақшамызда...

Біздің балабақшамызда...

qarmaqshy-tany.kz No17 «Алақай» санаториялық бөбекжай-бақшасында балалардың денсаулығын нығайту мақсатында «Тұзды бөлме» жұмыс жасауда.Педиатр мамандар «Бұл – бала денсаулығын дәрі- дәрмексіз нығайту үшін жақсы әдіс» деп санайды. Тұзды үңгір иммунитетті көтеруге көмектеседі. Аллергия, ангина, астма, жөтел, әлсіздікті болдырмайды. Қазіргі ылғалды әрі ауыспалы ауа райында адамдарды тап осы аурулар жиі мазалайды. Ал балалардың көпшілігі дәрі ішуді ұната бермейді. Сондықтан табиғи ем іздейтініміз рас.

Жоғарыда аталған дерттердің тиімді де табиғи емі – тұз! Іш ауырса да, тіс ауырса да тұзды пайдаланған халқымыз үшін бұл емнің еш жаттығы жоқ. Дәрігерлер тек суық тиіп, салқындаған кезде ғана емес, тері ауруларын да емдеуде бұл таптырмаймын әдіс екенін айтады. Тұздың микробөлшектері қанға кіріп, дистолиннің деңгейін қалыпқа келтіреді, ағзадағы зат алмасу жақсарады, сол арқылы организмге бронхоиммунды, иммунитетті көтеру мақсатында және қабынуға қарсы әрекет етсе, балалардың жағдайы дәрі-дәрмексіз-ақ жақсарғаны бірден байқалады. Бала бақшадағы балалар тұзды бөлмеге келуді асыға күтеді. Өйткені ертегі әлеміне тап болғандай күй кешеді. Дегенмен балалар кішкене болса да, тұздың денсаулық үшін пайдасы жайлы біршама хабардар болып қалыпты. Балабақша медбикесі балаларға үнемі тұздың пайдасын, тұзды бөлмеде ойын ойнау арқылы ауырмайтындарын айтып отырады. Балалар оған 4-5-тен топтанып кіріп, 10 минуттай әртүрлі ойын түрлерін ойнайды. Жаттығулар жасап, әуенді ырғақпен билейді. Осылайша барлық балалар кезектесіп отырады. Әсіресе күз, көктем мезгілі басталса болды, кішкентайлары жиі сырқаттанатын ата-аналар үшін бұл үлкен қолдау болды. Олар балаларының жиі ауыратындығын, сондықтан осындай бөлменің біздің балабақшада тегін ашылғанына ризашылығын білдіріп, алғыстарын айтуда.
Өскелең ұрпақтың дені сау, бәсекеге қабілетті болуы – біздің қолымызда. Үштік одақтың тығыз байланысы нәтижесінде балалардың білім-білік дағдыларының жоғары деңгейіне қол жеткіземіз, ол біздің болашағымыздың жарқын болуы деп есептейміз.
Нұрбибі ӨРЖАН,
«Алақай» санаториялық бөбекжай-бақшасының әдіскері
26 желтоқсан 2022 ж. 712 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 371
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.
Көңілді кеш

Көңілді кеш

25 тамыз 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 147

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930