Зейнетақы шотыңызды бақылап жүрсіз бе?
qarmaqshy-tany.kz Сіз ай сайын алатын жалақыңыздың оннан бір бөлігі Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударылатынын білесіз бе? Жұмыс берушіңіздің зейнетақы жарнасын уақытылы аударып жүргеніне көз жеткізіп көрдіңіз бе? Осы сауалдан кейін әрбіріміздің ойланатынымыз сөзсіз. Себебі өз жеке зейнетақы жинақтарымыздың жай-күйі туралы біріміз білсек, біріміз білмесіміз анық.
БЖЗҚ өз салымшыларына (алушыларына) ЖЗШ-дағы зейнетақы жинақтарының жай-күйін тұрақты негізде қадағалауды, оның ішінде Қордағы жеке зейнетақы шотына жұмыс берушіден жалақыңыздан 10% мөл шерде ұсталған міндетті зейнетақы жарналарының уақытылы түсуіне назар ау дарып отыруды ескертеді. Өкінішке орай, жұмыс берушінің өз міндеттемелерін толық орындамайтын немесе мүлде орындамайтын жағдайлар кездесуде. Сондықтан өз жеке зейнетақы шотыңыздағы зейнетақы жинақтарыңыздың жай-күйін жүйелі түрде тексеріп отырғаныңыз артық етпейді.
ЖШЗ-дан үзінді көшірме алу – бұл салымшылардың (алушылардың) заңнамалық бекітілген құқығы. Оны мынадай тәсілдермен алуға болады. Яғни электрондық, БЖЗҚ-ға ұсынылған мекен жай бойынша электрондық пошта арқылы, жеке кабинет арқылы, тікелей БЖЗҚ кеңсесіне жеке өтініш жасаған кезде және пошта қызметі арқылы. Қазір зейнетақы жинақтары туралы ақпарат алудың ең сұранысқа ие тәсілі – Жеке кабинет арқылы электрондық әдіс. Биылғы жылдың 1 қарашасына 6,4 млн-ға жуық адам БЖЗҚ сайты мен мобильді қосымшасында Жеке кабинет арқылы әлемнің кез келген нүктесінен 24/7 тәртібінде жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірме алу мүмкіндігін таңдаған. Зей нетақы қызметтерін цифрландыру – Қор қызметінің маңызды бағыттарының бірі.
Осы жылдың 1 қара шасында 3,2 млн салымшы мен алушы хабарлау тәсілі БЖЗҚ кеңселеріне жеке жүгіну ретінде айқындалды. Аталмыш статистика Қорда автоматты түрде ашылатын шоттар есебінен толықтырылады. Бұл ретте олар бойынша «Өзі келіп, өтініш беру» хабарлау тәсілі айқындалған. Сіз оны enpf.kz сайтындағы Жеке кабинетте ЭЦҚ пайдалану арқылы өзгерте аласыз. Қордың кез келген бөлімшесіне немесе «Қазпошта» АҚ-ның 376 бөлімшесінің біріне бару арқылы хабарлау тәсілін өзгерту туралы келісім жасауға болады.
750 мыңнан астам адам ЖЗШ-дан үзінді көшірмені электрондық пошта арқылы алуды таңдаған. Естеріңізге сала кетейік, осы ақпараттандыру әдісі таңдалған жағдайда салымшы (алушы) ЖЗШ-дан үзінді көшірмені БЖЗҚ базасында тіркелген өзінің электронды мекенжайына enpf.kz сайтындағы электрондық қызмет арқылы шексіз рет жіберуге мүмкіндігі бар. ЖЗШ-дан үзінді көшірмелері салынған конверттерді әлі де 1 миллионға жуық адам күтуде. Сонымен қатар, пошта арқылы хабардар етуді таңдаған салым шылар (алушылар) қолданыстағы зейнетақы заңнамасына сәйкес Қорға өз міндеттемелерін орындауға әсер ететін барлық өзгерістер туралы хабарлауға міндетті екенін еске саламыз. Сондықтан БЖЗҚ тө мендегідей өзгерістер туралы уақытылы хабарлауды сұрайды:
– электрондық мекенжай («электрондық пошта (е-mail)» арқылы хабарлау тәсілін таңдаған жағдайда);
– пошта мекенжайы («пошта байланыс арқылы» хабарлау тәсілін таңдаған жағдайда).
Егер мұны уақытында жасама, сізге ескі мекенжайға жіберілген ЖЗШ-дан үзінді көшірмесі бар конверт БЖЗҚ-ға кері қайтарылады. Ал Қор өз кезегінде, зейнетақы заңнамасына сәйкес келесі жылға үзінді көшірмені жібермеуге құқылы.
Өмірбек ӨМІРТАЕВ,
Жосалы кентіндегі қашықтан қызмет көрсету
орталығының жетекші маманы