» » Адал ұрпақ – парасатты отбасынан бастау алады

Адал ұрпақ – парасатты отбасынан бастау алады

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл агентінің 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын басшылыққа ала отырып парасатты отбасы құндылықтарын насихаттау, отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру, заманауи жетістіктерге лайықты парасатты тұлғаны дамыту, озат – ойлы, парасатты қайырымды оқушыны анықтау мақсатында мектепішілік  «Парасатты отбасы» байқауы өтті. Біріншіден ана – аналар мен мұғалімдердің өзара сауатты әрекеттесуі өте маңызды болды. Екінші ата-ананың тұлғаның қалыптасу процесіне отбасы қандай үлес қосатынын, білім беру ұйымы оқушының білімдік, тәрбиелік деңгейіне қоятын талаптары екенін айқындау шартында тапсырма берілді.
Байқаудың бірінші- аудандық кезеңінде қатысушылар «Отбасы тарихы» деген тақырыпта әр жанұяның өз- ата- бабалары туралы әзірлеген зерттеу жұмыстары бағаланады делінген. Біздің мектепте  «Парасатты отбасы» байқауына байланысты Ержан  ағай линейкада  әр кезде де   тәрбие, тәтіп, біреудің ала жібін аттамау, ұрлық жасамау керек деп үнемі  айтады. Адал ұрпақ бұрышы жасалған.  
 Сыбайлас жемқорлықты  бала кезден қалыптастыру  керек екенін қадап айтты. Парасатты отбасы құндылықтарын қадірлеп, спорт, немесе өнермен шұғылданатын, ата- ана тәрбиесін қоғамдық өмірде көрсете алатын, көптеген әдеби- публицистикалық әдебеттер оқу керек екендігі де ескертілді.  Содан соң бірнеше оқушы өз ойларын сөзбен, сұрақ түрімен, бейнероликтер түсірумен, эссе жазып қатысып белсенділік танытты. Нәтижесінде мектепшілік жобадан 5-сынып оқушысы Әбілқасымова Бөртеханымның жобасымен менің жобам үздік деп танылды. Осы шарадан соң мектептегі оқушы  болсамда сыбайластың не екенін, жемқорлықтың жақсы емес екенін түсіндім.
Десе де «Парасатты отбасы» байқауына қатысып өз отбасым жайлы дәріптегім келеді. Біздің отбасымызда  ата- анам5-  бала тәрбиелеп өсіріп отырған тату отбасы.
Ата – анамыз бізді еңбекке баулып, мол білім алуға жағдай жасап, отбасында бірі – бірімізді сыйлауға, құрметтеуге, біреудің ала жібін  аттамауға баулып тәрбиелеп келеді. «Отбасы тарихы» деген тақырыпта атам Разақ Мыңжановақын кісі болғандығын жобамда қорғадым.  Мен сол кісінің шөбересімін. Биыл  атамыздың 100 жасқа толуына орай үлкен ас беріп, құран бағыштап ата – анамыз сауапты іс жасады. Осының бәрі бізге үлгі аларлық тәрбиенің сара жолы деп білемін.Онда бос уақытымда жыр – термелер жаттап, әдеби кітаптар оқып жаным рахаттанып рухани азық аламын. Мен Ай мен айша кітабын оқып, жазушының балалық шағы соғыс пен ашаршылықта, зобалаң, зорлық жылдар болғанын, қиын кездерді бастан кешкен  оқиғаны оқығанда қазіргі заманға  шүкір ете отырып, жаңа заманға лайықты азаматша болайық деп ой түйдім.
Қарақат Разақова,
№29 мектеп оқушысы
06 желтоқсан 2022 ж. 338 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 377

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 457

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930