» » Ақпараттандыру жұмыстары жүргізілді

Ақпараттандыру жұмыстары жүргізілді

Бүгін Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорылққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаментінің Превенция басқармасының бас маманы Тұраров Рашид Ғаниұлы тұрмыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мен ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамаға енгізілген өзгерістер бойынша ақпараттандыру мақсатында «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның ұжымымен кездесу өткізді.
Шара барысында Рашид Ғаниұлы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамалардағы жаңашылдықтар бойынша құқықтық түсіндірме жүргізе отырып, Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық жоспардың 88-тармағына сәйкес, Агенттік Қазақстан Республикасында 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының жобасымен таныстырды.
Сонымен қатар, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамаға енгізілген өзгестер жайлы толыққанды ақпараттар ұсына отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік бейнероликтер көрсетіп және шараға қатысушылардың барлығын парасатты қоғам қалыптастыру үшін жұмыла жұмыс жасауға шақырды.
18 қараша 2021 ж. 491 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№35 (10403)

13 мамыр 2025 ж.

№34 (10402)

10 мамыр 2025 ж.

№33 (10401)

06 мамыр 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 748
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031