» » Денсаулыққа дабыл һәм электронды шылым

Денсаулыққа дабыл һәм электронды шылым

qarmaqshy-tany.kz Соңғы екі жылда елімізде электронды шылым сәнге айнала бастады. Өндірушілер кәдімгі темекіден пайдасы көп деп жарнамаласа, ал зерттеуші мамандар күнделікті жәй темекіден зияны екі есеге жоғары екенін айтып, дабыл қағуда. Әйтсе де оны тұтынушылардың саны көбеймесе азайған емес. Біреулер темекі тастауға себеп десе, енді бірі сән үшін ермек етуде-мыс. Кәдімгі темекіден бас тартқаныңыз дұрыс. Бірақ электрдің де адам өміріне қаупі көп. Жүрекке зиян, қатерлі ісікке шалдықтырады.Бұл жақсылық емес. Ерекшелігі электронды демесеңіз, айналып келгенде ауыздан шыққан қою түтіні бір. Екеуінің де улайтыны бір өкпе. Ал енді сұрақ... Сонда сіз не шегіп жүрсіз?
АҚШ-тың профессор ғалымдары электронды шылымға зерттеу жүргізген. Сарапшылар никотиннен бөлек ауыз қуысы қатерлі ісігін туғызатын канцерогенді анықтаған. Тіпті америкалық дәрігерлер бұл дәлелді тышқанға жасау барысында растап отыр. Ағзадағы артерия мен тамыр жақтауларын жұқартып, жүрек ауруына ұшыратады дейді. Ал бизнесмендер саудасын жүргізу үшін темекіні қоюға амал таптық деп, түрлі дәрілер мен антиникотиндік препараттар ойлап табуда. Шындығында электронды шылым қарапайым шылымның орнын баса ала ма?
Сіз қолданып жүрген бұйымның ішінде электронды дәмдеуіші болмаса, сырт көзге нағыз темекідей. Алайда қолдану барысында түтіннен әсер алғыңыз келсе, өкпені біраз қинауға тура келеді. Ұшында деміңізді ішке алғанда темекінің дәміне ұқсас дәм беретін светодиод орналасқан. Ал аккумулятор мен фильтрдің ортасында қыздыруға арналған электронды чип және ауыстырмалы картидж фармацевтикалық никотинге толы капсула бар. Ол адамның демін өлшейді. Сол сияқты шылым арнайы қуаттау құрылғысын компьютерге қосу арқылы іске қосылады. Толығымен екі сағат қуатталған құрылғы бір күнге толық жетеді. Ол төрт рет тартып көргенсоң таусылады. Бұл дерек арнайы нұсқаулықта көрсетілген. Темекі түтіні көптеген табактың дәмін еске түсіреді. Ол никотин және пропиленгликолден тұрады. Табақ дәмін сездіретін заттардың аса зиян екенін ескерсек, ауыстырмалы картридждің біреуі 20 темекіге татитынын ойға алудың өзі қорқынышты. Оны небары бір рет тартып көру жеткілікті.
Электронды шылым адам денсаулығын улап қана қоймай материалдық жағынан да жапа шектіретінін көріп жүрміз. Әлеуметтік желідегі бейнежазбаға түсіп қалған көптеген көрініс жаға ұстатады. Қалтада тұрған электронды шылым өздігінен тұтанып, талай адамды күйік шалдырды. Кей жағдайда өлім құшуға дейін баруда.
Аталған шылымнан келер тағы бір қауіп – оған деген тәуелділік. Оны тартқан сайын адам шылым шегуді аңсай түседі. Соған сай шылымның электронды түрін сатып алушылар саны артып барады. Осылайша темекінің көк түтінін аңсайтындар жай темекінің зиянын азайтамын деп маркетингтің амалдар мен жарнаманың құрбанына айналуда.
Ерсін СӘДУҰЛЫ
05 желтоқсан 2022 ж. 537 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 312

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 411

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930