» » Электронды темекі шегудің зияндылығы

Электронды темекі шегудің зияндылығы

qarmaqshy-tany.kz Электронды темекі шегу, әсіресе, жастардың арасында күннен-күнге сәнге айналуда. Зерттеушілердің айтуынша, жасөспірімдер, көбінесе, оның тәтті дәмі мен хош иісін ұнатып, кейіннен психологиялық тәуелділіктері оянып, оны бірден тастауы қиындай түсетін көрінеді. Алайда, қызығушылықтың арты үлкен қиындықтар әкелетінін бірі білсе, бірі біле бермейді.
 «Дені сау ұрпақ – ұлт болашағы» демекші, өскелең ұрпағымыздың сау, әрі қуатты болуы еліміз үшін - үлкен қуаныш.
Осы орайда мектебіміздің 10 "Б" сынып жетекшісі Гульмира Баймбетова мәжіліс залында ашық тәрбие сағатын өткізіп, әр адамның денсаулығы өз қолында, оны ерте жастан сақтай білуді айта келе, темекі мен есірткінің адам ағзасына тигізер кері әсерін видео көрсетілімдері арқылы жеткізе білді.
Мақсаты: темекі мен есірткінің ағзаға тигізетін кері әсерін және одан туындайтын ауру түрлерін айта отырып, зиянды әсерін ашу. Салауатты өмір салтын қалыптастыру, жат қылықтан аулақ болуға тәрбиелеу.
Шара барысында медбике А.Бержанова оқушыларға темекі мен есірткінің зияны туралы түсіндірді.
Ашық тәрбие сағатты мектеп-лицей директоры Г.Мұнарбаева қорытындылады.
01 желтоқсан 2022 ж. 444 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 382

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 461

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930